Өлең, жыр, ақындар

Бір досыма

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 388
(Әзілге әзіл)

Бір досым, маған кейде:
«Шайыр болып,
Майданға барып едің Тайыр болып», –
Дейді де, әзілімен қағытады, –
Қайтпадың тым болмаса «майыр» болып...
Дер едім ондай менің достарыма:
– Замандас, әзілің бе, оспағың ба?
Майор түгіл, генерал болсаң дағы,
Болма деп, қолыңды мен ұстадым ба?
Рас, мен –төбесіне Рейхстаг,
Батыр боп, ту тіккем жоқ тіреу ұстап.
Бірақ, мен майдан көрдім,
үйде қалып
Жерін де кермеген көп Қарақыстақ!..
Сүр шинель кимедім мен шенім үшін,
Кидім оны Отанның сенімі үшін!
Майор түгіл, сержант та бола алмаған,
Қайтерсің,
кей шіркіннің шенегішін?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Анар

  • 0
  • 0

Асыл сыйы Наманганның күзінің
Асыл жерден жіберілген бұл анар,
Доп-домалақ шардай қызыл өзінің, –
Шоқтай жайнап піскен дәні гүл-жанар!

Толық

Көктем

  • 0
  • 0

Көктем қыз, сезіміңді қытықтаған,
Шаттықты одан қалай қытып қалам!
Күн күлді, өзен күлді, сәби күлді, –
Бір ләззат мен де осыдан ұтып қалам.

Толық

Бар дауыспен

  • 0
  • 0

Құрметті
жолдастарым, ұрпақтарым!
Ақтарып
қатқан көнін

Толық

Қарап көріңіз