Өлең, жыр, ақындар

Жұлдызды керуен

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 344
Көк керуені қараша-қаз тырналар
Күз келгенде көктен беріп бір хабар,
Қиқу сала, керней тартса алыстан
Құлағында сұңқылдаған күй қалар...
Шырқай ұшып күзгі сұлу мезгілді
Аспанға алыс қадалтқанда көзіңді,
Қанат керген керуенін көктің бір
Көріп тұрып көтеруші ем сезімді.
Яки, жазғы көтерілген сағымда
Ирең қаққан ұзын жолдың шаңында
Ырғай мойын түйелерін тізілткен
Керуенді көруші ем жас шағымда,
Іркіс-тіркіс қырда нарлар керуенін
Бала кезде мен сан рет көргенмін,
Керуен деген ат бүгінде ұмыт боп,
Өтті не жыл аударып сан ермегін...
Мен осы күз, тыңда Торғай тұсында, –
Түнде жылжып жанған ұсап ұшқынға,
Көрдім жаңа керуенін жұлдыздың, –
Керуені ол емес түйе, құстың да...
Жұлдыздардың керуені жап-жарық
Жерде жылжып, қараңғыны қақ жарып,
Қара жолмен оттар жылт-жылт жүгіріп
Шұбап келе жатқандай бір жонды алып.
Көзімді ашып-жұмғанша кеп қасыма,
Тоқтамастан зулап шапшаң асыға,
Өтіп жатыр отты көздер жарқырап,
Өтіп жатыр, өтіп жатыр машина...
Маңдай терін сүртіп қойып шоферлер,
Отты көзбен жолды шолып отыр бар.
Қабағынан ұйқы қашып, зауласа,
Қалып жатты артта шоқ-шоқ шоқылар.
Дүлдүлінің айшығында қолдары,
Көсілді алда көк қасқа тас жолдары,
Аңғарынан арқа желі аңқылдап,
Қоймаға тез жету шапшаң ойлары...
Жер сілкінтіп машиналар дүбірі,
Қаптап жатыр, жоқ ұшы-қиыры,
Бәрінін де дәнге сықай тиелген
Кернеп кеткен бидай толы бүйірі.
Гүрілдеген машиналар қырда үні,
Жоқ тоқтаған бір минуты, бір күні,
Көз алдымнан етіп жатыр мөп-мөлдір
Тыңнан туған алтын дәндер түйірі...
Керген кезде кез жаудырап қызығып,
Алтын керуен алапты алып тізіліп.
Өтіп жатыр, өтіп жатыр өрлерден
Кең даланың өңірінен сүзіліп.
Бұрқыратып бір қыраттан, бір қырат
Дән фонтанын атылтқандай бұрғылап!
Аспандай кең қазанына халқымның
Асығып ел құюда асыл миллиард.
Гүрілдеген машиналар қырда үні,
Жоқ тоқтаған бір минуты, бір күні,
Өтіп жатыр, өтіп жатыр мөп-мөлдір
Көз алдымнан алтын дәндер түйірі!..
Жұлдыздардың керуені жап-жарық
Жерде жылжып, қараңғыны қақ жарып,
Қара жолмен оттар жылт-жылт жүгіріп,
Дәндер жүзіп бара жатыр жонды алып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өнер күші

  • 0
  • 0

Үйіріле бұл белгіге, –
Керіп тұр жұрт енер күшін, –
Соны құйған Кербелиге
Айтқандай бар ел алғысын.

Толық

Ақын көрінісі

  • 0
  • 0

Сырласып ақын өзімен,
Көз жіберіп қырға алыс,
Қыр суретін сезінген
Жолдама берді жырға алыс...

Толық

Ұрлана қарап сығалай

  • 0
  • 0

Суық бір күзгі түнде ұйықтап,
Ояна келсең ертеңмен,
Көрінсе көзге — тұйықтап
Қар жамылған жер түннен —

Толық

Қарап көріңіз