Өлең, жыр, ақындар

Ермекке

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 545
Ақау керім дегенге Ақау керім
Күндемеңдер дауысым баяу болса,
Достар өлең сұраса мен не дерім,
Бізге қалған бір өлең жаяу Мұса.
Жаяу Мұса дегенге жаяу
Мұса, Жаяу Мұса емеспін бірақ өзім.
Не қалады жаныңнан достар қуса
Көздемекпін бұл кезде кімнің көзін.
Осы жырым жарандар жай айтқаным
Жамағаттың қалжыңын жаратпадым,
Жүрегімде жұмбақтау іздер жатыр...
Өзің сақта аржағын, жаратқаным...
Осы өлеңді болмасын сұрау жапқан
Ойлаңыздар шыңым бар қырау жапқан
Сын сұраққа жауапты берер едім,
Душарладың кезімде тұмауратқан.
Қаршыға едім бауымды ілдірмейтін,
Қыз қалды ма кезімде күлдірмейтін
Бүлдіргіге шалмаңыз тұяғымды
Бүк түсер мен сақамын бүлдірмейтін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құрыш құюшы

  • 0
  • 0

Түркістанның қасындағы
Шәуілдірдің ауданында
Жаз болса егіс басындағы
Бір колхоздың аумағында:

Толық

Жаңа жыр

  • 0
  • 0

Жаңа жыр — жырланады майданға арнап,
Жаңа жыр — жайратады жауды ойрандап!
Жаңа жыр — фашизмнің төбесінен
Түседі жарқ-жұрқ еткен жайдай жайнап.

Толық

Сұр құлын

  • 0
  • 0

Алматыдан қашық емес,
Қаскелеңнің ауданында,
Тыңда, балалар, осы кеңес
Болған колхоз аумағында.

Толық

Қарап көріңіз