Өлең, жыр, ақындар

Тұтқын

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 476
(Шетте қапастағы төңкерісшіл тұтқынға арнап)

Күнбатыста көрем бұлттың түнеуін,
Көгінде ай жоқ... қайғылы түн түнегін.
Сол түнекте, қанды жасы кел болып,
Қандай ғана жан жылауда білемін;
Тас қараңғы сұм түрменің ішінде,
Талықсытып қайғы тілген жүрегін.
Темір торлы терезеден қызартып,
Қанды жалау көрсетіп тұр тілегін.
Ол еңбекші ер, тұтқындағы таймаған.
Төңкерістің сұңқарлары сайраған.
Жалын болып, жалпы жалшы таңы үшін,
Жүрек оты жай тасындай қайнаған.
Баста бұғау, қол-аяқта көк кісен,
Шынжыр салып шұбар тестер зорлаған.
Жоқ... күлкі жоқ.
Жоқ бетінде тамшы қан,
Шет капитал зынданында зарлаған...
Жаралы жан, Қайғыланба қапалы,
Арда күшің, темір торды қырқады!
Қара түнде, тұншыққаның қаныңа,
Жаны бірге жалшы тапқа батады.
Әне, ұран, ұш сұңқарлар жас қыран!
Әне, таңның сары алтынды шапағы.
Әне, теңдік туын көкке ел кетерді,
Әне, әне... саған да таң атады!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қылмысты

  • 0
  • 0

«Айтшы, атаман, шыныңды,
Қалай өстің еліңде?
Суымады бұрынғы
Жастық оты өңіңде?

Толық

Құмдағы лашық

  • 0
  • 0

Құмдағы атамзаманғы
Саздан соққан бір лашық
Тозған, іші қараңғы,
Қабырғасын құм басып.

Толық

Қодар күліп тұр

  • 0
  • 0

Таң азаннан талпынып,
Еркелеп, ойнап дыңылдап.
Көк майсада бір адам
Пішен шауып зырылдап.

Толық

Қарап көріңіз