Өлең, жыр, ақындар

Құмдағы лашық

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 539
Құмдағы атамзаманғы
Саздан соққан бір лашық
Тозған, іші қараңғы,
Қабырғасын құм басып.
Едені тас, төбесі
Талдан өріп жабылған.
Шағын екі бөлмесі
Көзге күңгірт шалынған.
Мұржасы да мұжылған,
Дауыл, жауын-шашыннан.
Оған жалғас созылған
Үй көрмейсің қасынан.
Жоқ көшесі тағы үйдің,
Жоқ бұл үйдің номері,
Сонда да оны танимын,
Мәлім маған өмірі...
Жаман деп бұл үй неге?
Менсін, мейлің менсінбе!
Келген кезде дүниеге
Туғам өзім осы үйде.
Осы бір үйдің әр тасы,
Жылы ұшырап өзіме,
Мұжылса да мұржасы,
Көрінді ыстық көзіме...
Міне, бөлмем — әлдилеп
Мені анам тербеткен,
Тұла бойды ән билеп,
Тал бесікте ер жеткем.
Әне төбе, аптығып
Жасымда асық ойнаған,
Тал шыбықты ат қылып,
Жүгендеп жіп байлаған.
Сол бала кез айналып,
Көз алдыма оралып
Келгендей-ақ таң қалып,
Қалдым біраз ойланып...
Көргенде ескі үйімді,—
Бала кез кеп ойыма,
Шешіп-ақ киімді
Келді ойнағым құмына.
Бүгін жақсы тұрмасам,
Осы үй жақсы дер едім,
Осы үйде туған, тыңдасаң,
Менің тұңғыш өлеңім.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қаһарлы жылдар

  • 0
  • 0

Сұрапыл қырық бірінші
Қар жамылған жер үсті,
Естен сірә шығар ма, —
Сол қан исі жылымшы?..

Толық

Греция

  • 0
  • 0

Әлемге,
Греция, алыстағы.
Сұлулық бесігі едің —
Сен бастағы!

Толық

Назерке

  • 0
  • 0

Шахзаданың сүйген қызы отырып,
Айтты назды қасына алып сүйгенін:
«Мені сүйсең туғаныңды өлтіріп,
Әкел маған айырып бас сүйегін».

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар