Өлең, жыр, ақындар

Греция

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 458
Әлемге,
Греция, алыстағы.
Сұлулық бесігі едің —
Сен бастағы!
Қақтырған бір кездегі жырға қанат,
Қан шашты бүгін неге
Парнас тауы?!
О, қанды зымияндары Греция!
Шыдар ма сұмдығына
Жүрек, сірә?!
Егейдің теңізінде еңіретіп,
Сен төккен адам қаны,—
Емес сия!
Сия емес,"
Төккендерің — адам қаны,
Су емес,
Жүрек қаны ол адамдағы!
Қолыңды тарт!
Ерік сүйген қырандардан,
Солмайды, солмақ емес адам бағы!
Көрді де ұсқыныңды
Аңдай тағы,
Жиренді!
Адам жаны жиһандағы!
Қатты айтпай,
Қалай менің дәтім шыдар!
Жүрек деген тас емес —
Қан қайнады!
Бостандық сүйген өңшең
Ер қыранды
Дарға асып,
Басын кескен,
Қолың қанды...
Гректің монархия - фашистері!
Тоғыттың қанға неге
Мың-мың жанды?..
Афинның обырлары жұтқызып у,
Қайғыдан қара шашын жайды сұлу.
Жайылған қара шаштай
Тұр түнеріп,
Торынан абақтының қап - қапа ту!
Эсхил мен туған жері сен Софокл.
Дәл бүгін —
Зұлымдыққа болдың кепіл
Жауап бер!
Не дер едің, сұрқия,—
Тіріліп келсе көрден Аристотель?!
Біледі Гераклді грек елі,
Босатқан таңға таңған Прометейді.
Адамның еркіндігін сүйгендіктен
Аңыз ғып аруағын ел құрметтейді!
Бір кезгі Прометейдей бұғаудағы,
Гректің қамаудағы қырандары,
Әділдік өмірімен қанат қағып,
Таңына бостандықтың шығар бәрі!
Біздерге
Зұлымдықтың сыры мәлім,
Жел берген кім?..
Оны да ұғынамын!
Тасқан су төгіледі,—
Лепірме; Афин!
Атпа ерді!
Тарт қолыңды!
Бұйырамын!

1949



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сәлем саған, туған жер!

  • 0
  • 0

Ұштың, Валя, зуылдай,
Шарлап аспан жұлдызын,
Бұрқырап алтын құйындай
Бұлыңғыр көкте қалды ізің.

Толық

Пушкінді көргенде

  • 0
  • 0

Сұрғылт түс, суық жүзді Петербурдың,
Бұрынғы патша үкімі тұрған жердің,
Гүл бақша еккен патша селосында,
Ақынның тастан құйған кейпін көрдім.

Толық

Кейбір інілер

  • 0
  • 0

Бізде әсем інілер бар
Шынығып өсіп, піскен,
Кейінің міні де бар
Сырттан құр кесіп,

Толық

Қарап көріңіз