Өлең, жыр, ақындар

Көмір күйі

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 324
Алыбын ұлы Донбастың,
Күшімен алғыр алмастың
Майданда, Алексей көмірін
Күреп жердің өңірін
Жарғанда:
Тың тітіреп шошынды,
Ел шуы шыңға қосылды,
Ұрандай қару
Алғанда.
Стаханов толғанып,
Балғасын болат қолға алып,
Соққанда,
Болаттан жалын жарқылдай,
Шахтаның тасын талқандай
Шаққанда:
Таңқалдырып жер жүзін,
Ұлы еңбектің жұлдызын
Жарқыратты
Жаққанда.
Ол еңбектің шық, құзы,
Шың, құзда шолпан жұлдызы.
Елімнің
Қуаты ол шалқыған,
Қуанышы артылған
Өмірдің;
Сондықтан, менің өлеңім
Екпінін жырлар дер едім,
Алексей атқан Көмірдің.
Алексейдей еркіндеп,
Шыңға биік шертілмек
Өлеңім,
Шабытты өлең шырқалсын,
Бой балқыта сырды алсын,
Дегенім,
Бақытты біздің өмірде
Кім балқымас өлеңге?
Берейін жырлап
Деп едім.

1936



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Суық қолға сұқтырма

  • 0
  • 0

Қой терісін жамылып,
Бөлтірігі қасқырдың
Арадан қалса табылып.
Тапжылдырмай басқа ұрғын.

Толық

Дуэль

  • 0
  • 0

Ызғарлы жерді жапқан аппақ қардың,
Сыңсыған сұрғылт қысқы қара орманның,
Томсарып ортасында ақын тұрды
Күткендей ажал оғын сұм заманның.

Толық

Каролинаға

  • 0
  • 0

Көз жасыңнан көп сырды
Сездім, жанмын көзге айтар.
Күрсінгенің ұқтырды,
Ойыңдағы сөзді айтар.

Толық

Қарап көріңіз