Өлең, жыр, ақындар

Дуэль

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 332
Ызғарлы жерді жапқан аппақ қардың,
Сыңсыған сұрғылт қысқы қара орманның,
Томсарып ортасында ақын тұрды
Күткендей ажал оғын сұм заманның.
Дантестей сұм заманның қара бетін,
Тұрғызып жекпе-жекке ақын бекім,
— Ал, ат!—деп, кезек берді қас қақпастан
Ыңғайлап алды қолға пистолетін.
Туған жан анасынан қан уыстап
— Сұм Дантес пистолетін қолына ұстап,
Таланттың жұлдызына — оқтан тілді
Қаттырып, атты тура, көздей нұсқап.
Ойпырым-ай! Ұшып тусті ақын құлап,
— Ақ қарды, қайта ұмтылды, қанға бұлап.
Дірілдеп қолындағы пистолеті
Бір атты, кеудедегі оққа шыдап.
Дантеске дарымады атқан оғы,
Жаралы ұйи берді тұла бойы;
Сылқ етті өмірменен қоштасқандай
Соңғы рет көз алдында толқынды ойы:
Сыңсыған қоштасты ақын орманменен,
Бірақта, қоштаспады арманменен,
Жеркеніп көз жұмғанша қарсы болды
— Қоршаған абландай жалғанменен.
Ақынға,— қош!—деді көл, қош — деді орман!
Жанармыз жұлдыз болып, қош!—деді арман.
Көрініп Қара теңіз, Кавказ шыңы
Бар халық бостандықты арман қылған.
Өлді ақын, қоштасты ақын, жүз жыл өтті,
— Жоқ, жоқ, жоқ, өшпес, алыс даңқың кетті,
Орындап арман қылған бостандықты
Біздің ел таң атқызды, туын тікті.
Қайтардық саған атқан оқтың кегін,
Торлаған,— талқан қылдық, дұшпан шебін;
Құлпырды Қара теңіз, Кавказ шыңы;
Бөледің нұрға байтақ қазақ жерін.
Тойлады жүз жылыңды менің елім,
Өлі емес, осы сенің тірілігің.
Тойыңда бокал толған өлеңіңді
Алып кел, жұтып жанның басам шөлін.

1937



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Менің сырым

  • 0
  • 0

Біреуге өмірімде
Қас қылып көрген емен,
Жанжалға тегі мүлде
Бас сұғып көрген емен.

Толық

Ленин туралы жыр

  • 0
  • 0

«Аврора» сонау бір кез...
Неваның,
Сарайына патшаның
оқ атқаның,

Толық

Таң

  • 0
  • 0

Таң қызы күлімсіреп жүзін ашты,
Көк аспан алтын теңіз мұнар ашты,
Гүл исі бау-бақшаның әтір атып,
Аспанға сүңгіп сұлу жұлдыз қашты.

Толық

Қарап көріңіз