Өлең, жыр, ақындар

Менің сырым

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 519
Біреуге өмірімде
Қас қылып көрген емен,
Жанжалға тегі мүлде
Бас сұғып көрген емен.
Мүмкін, бұл кемшілігім?
Кемшілік дей алмаймын!
Ерегіс өршігуін
Ершілік дей алмаймын.
Біреуді туғалы мен
Өсектеп көрген емен,
Ол өсек қуғанымен,
Өсет деп көрген емен.
Мүмкін, бұл жуастығым?
Жуаспын дей алмаймын!
Сонымен ұласты күн,
Күн асты дей алмаймын.
Келгенше осы жасқа
Күндеуді білген емен,
Күндегіш кейбір досқа
Күңкілдеп күлген емен...
Мүмкін, бұл нашарлығым?
Нашармын дей алмаймын!
Бірақ, жоқ асаулығым,
Асаумын дей алмаймын.
Мінді бір көре тұра
Айта алмай тұра алмаймын,
Біреулер өре тұра
Жабылса, көне алмаймын!
Мүмкін, бұл мықты мінім?
Мықты мін дей алмаймын!
Бәлкім, ол мықтылығым?
Мықтымын дей алмаймын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Туымыз

  • 0
  • 0

Түнгі істейтін сменадан босанып,
Жүмысшы атай үйге қайтып келеді.
Таңғы ауадай көкірегін нұр шалып,
Партсъезі жолын сызған келелі.

Толық

Теңіз бала

  • 0
  • 0

Демалысқа барғалы
Әкесі мен анасы
Жиналғанда, қалмады
Жекен деген баласы:

Толық

Өлең

  • 0
  • 0

Өлең шіркін — ұялшақ кейде қыздай,
Кейде — қоймас жүректен күйді ағызбай,
Жансыз өлең сезімді суытқандай,—
Басылады жүрекке кейде мұздай.

Толық

Қарап көріңіз