Өлең, жыр, ақындар

Туымыз

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 362
Түнгі істейтін сменадан босанып,
Жүмысшы атай үйге қайтып келеді.
Таңғы ауадай көкірегін нұр шалып,
Партсъезі жолын сызған келелі.
Жалындаған жанда сезім, бойда қан,
Ленин бастап көз ашқанбыз дүниеге,
Жауһардайын жанарымыз жайнаған,
Дана өсіріп – оны дағы, мені де.
Нағыз өмір жолын айқын төтелеп,
Программамыз бізге сәуле шашты ұдай,
Мың жылдаған келешекке жетелеп,
Пәрменіміз тартады алға тасқындай!
Коммунизм ғасыры жер жайнатып,
Әр сағаты соқты еңбектің жеңіспен,
Ел жүрегін достастыра жалғатып,
Көркі де тұр келешекке келіскен.
Кеш түскен күз көктемге есеп дегендей,
Таң арайлы, көрікті кеш жұлдызы,
Таңнан тұрып балалар да өрмелей,
Мерекеге шаттанған ел ұл-қызы.
Бұл өмірде шаттанар күн тегі көп,
Бірінен де бірі қызық, өзгеше,
Мейрам күнгі қызыл тудың шоғын өп,
Сол ту сені адам қылған көзімше.
Туы биік партиямның игілі
Күллі адамзат содан бақыт табады.
Октябрьдің тұнғыш отты гимні
Ілгеріге бастап бізді барады.
Колонналар құдіреті алып тым,
Қиялдан да асқан елдің күші ер.
Құдіретті ол салтанаты халықтың,
Қабағын тек бір түйсе, жау бас иер!
Бейбіт өмір сүрген халық достығы
Мызғымайды құйылған бір құрыштай.
Өзге елге де біздің өмір ұшқыны
Сәуле шашқан таң арайлы ту ұстай.
Ежелден-ақ еліміздің арманы
Осы жарқын коммунизм таңы еді,
Қызыл тудың сүйші шоғын бар дағы,
Бақыт құшып туған біздің таң елі.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Па, шіркін!

  • 0
  • 0

Па, шіркін! Көрікті едің көктем қандай,
Аспаннан шықты күнің от жанғандай!
Түйілген тау қабағы кетті ашылып,
Ғашығын көкжиектен күткен жандай.

Толық

Аймағым

  • 0
  • 0

Айы туып аймағым, –
Күн астында күлімдей,
Алақанға арманын
Алған бақыт гүліндей, –

Толық

Алып тұлға

  • 0
  • 0

Ұлы мүсін сан жүректің
Сүйсіндіре қылын шертті.
Қарап тұрған соған жұрттың
Жан сезімін елжіретті...

Толық

Қарап көріңіз