Өлең, жыр, ақындар

Жаңа жыл жыры

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 310
Жаңа жылдың күміс күні кекті нұрлай туғанда,
Көкті нұрлай, туғанда жыл, тау тулана тұрғанда,
Тау тулана, қыр қарлана, жатқан жер жоқ жайнамай,
Өзен, көлім көк мұзданған — көк шар айдын айнадай,
Інішектерім, зырғып ойнап кел мұзына айнадай,
Суық сүйген уыз беті нарттай қызыл алмадай;
Ақ бөкендей жеткіншектер айдынға асыр салғанда,
Қырым қардың суын жұтып, көктен демін алғанда.
Мен де жұтып жаңа жылдың жұпар иісті ауасын,
Жаңа жылда, жаңа елімнің керіп көркем даласын
— Таза ауаға төсімді ашып, көкіректі керемін,
Көкіректі керемін де, жырлар шырқап беремін.
Жыр шырқасам судай тасам дауысыммен ең күшті,
Жыр шырқасам шарықтатам құрдастарды колхозшы!
Жыр шырқасам, жалындатып Қарағанды көмірін
— Атады да, комбинаттар әнге қосады өмірін.
Стаханов қолдарымен комбинаты Семейдің
Комвеерін күрілдетіп, сырнайына көмейдің
Күй бергендей фонтандатып, бұрқырата өлеңді,
Поэзия мұхитына жүздіреді денемді.
Комбинаттың күйі тасса,
мен де күшті тасамын,
Жаңа жылға жаңа жырдан меруертті шашамын.
Меруерттей жырды төктім тыңдасын деп әлемім,
Отанымның ерлеріне жолданады сәлемім!

1937



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жазулы тас

  • 0
  • 0

Езу тартпас қара тас
Бетіне әжім түспеген,
Жанымыздай біздің жас
Жалынды оты өшпеген.

Толық

Төрт қыран

  • 0
  • 0

Бұлан-талан бұлт тулап
Тұрса көктен бір дауыл,
Су қыраны қиқулап
Қақса аспанда бір дабыл, —

Толық

Жаңа жыл түні

  • 0
  • 0

Өткен жылдың күнін көзден
Ұзатып сап көкжиекке,
Қарап алға нұрлы жүзбен
Шықтық тағы біз биікке.

Толық

Қарап көріңіз