Өлең, жыр, ақындар

Жер астындағы майдан

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 603
Қара түнде шахты шамын,
Шахтыға енер нақты шамын
Қолына ұстап, қайланы ұштап,
Шахтерлер кеп жақты шамын
— Көр!—деп,— елім, кеніңді.
Жауға қарсы бүкіл Отан,
Салып аттан шықты қатаң,
Ел қорғауға ер майданға
Аттанғанда, қалай жатам?—
Қорғасамыз өмірді!
Жеті қабат жердің асты,
Бұрғыланып бар пласты,
Қарағанды шахтасында
Еңбектен ер майдан ашты,
Тау-тау көмір төгілді.
Штректе күш тұтасып,
Вагонетка көмір тасып,
Әрбір күрек атқан көмір
Мерт қылғандай жауды басып,
Бомбыдайын көрінді.
Шахтадан тік темір жолға
Көмір барып вагондарға,
Қас қаққанша стакаттан
Тиелді әне мың-мың тонна,
Жауға әзірлеп елімді.
Ал көмірді, тарт, паровоз,
Жауға оқ етіп ат, паровоз!
Бронепоезд әскеріне
Тез жеткізу шарт, паровоз,—
Ал дұшпаннан кегіңді!
Паровозды, жас машинист,
Самғап алға бас, машинист!
Фашистердің ажалы үшін
Майданда оқ аш, машинист!
Тазарт жаудан жерінді!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дән теңізі

  • 0
  • 0

Жаз жадырап жайқалған,
Кезі сарша тамыздың,
Олқы екен деп айталман,
Өскен тыңда дән біздің!

Толық

Солға марш

  • 0
  • 0

Маршқа лап бет бұрыңдар!
Жол жоқ былшыл сөзге қазір,
Араторлар, тек тұрыңдар
Сөз сіздікі Жолдас Маузер.

Толық

Днепр

  • 0
  • 0

Ой - қой, шіркін Днепр!
Жағаңды жырта жау жайлап,
Дегендей ақпай тұра тұр,
Ойқастап еді шаужайлап.

Толық

Қарап көріңіз