Өлең, жыр, ақындар

Қазақ даңқы

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 456
Есімде жабырқаңқы бала кезім,
Әлі де оянбаған бойда сезім.
Қаққанда елге дабыл Ұлы Октябрь,
Халқыммен бірге оянып ашқан көзім.
Көз тіксем ескі қазақ даласына,
Суреті симай көздің шарасына.
Қиырда сағым билеп, сайғақ ойнап,
Орғыған таудың киік саясында.
Жел тұрса түңдіктерін желпи сілкіп,
Киіз үй бір-бірінен бейне үркіп
Тұрғандай, әлдеқайда көз ұшында
Ұшушы еді жемсіреген қара бүркіт...
Кешкі өзен жағасында уақытты ұтып,
Шежіре шертіп сырды жерді шұқып...
Екі-үш шал сипап қойып ақ сақалын,
Бір сәуле отыратын таңнан күтіп...
Хан, патша жасауылы келсе жақын
Алдына тосып ауыл асын, атын
Тартатын, бәйек күнін байтақ елдің
Бұлжытпай жырлап кеткен Жамбыл ақын.
Дабылын Ұлы Октябрь ел қаққанда,
Жарақты тұлпарын ер жаратқанда,
Бақытқа ұлы Ленин бастап елді,
Жайнаған алтын аймақ таң атқанда!
Сол таңның күніменен бірге туған,
Ел жайнап, болатпен ер белін буған!
Отанға фашист қолын көтергенде,
Жойқын жауың ерлер талқан қылған.
Дұшпанмен арпалысып қан майданда,
Туған ел үшін отпен ойнағанда,
Аянбай партия үшін, Отан үшін,
Жауды езді жай тасындай жайнағанда.
Жатқанда неміс қоршап Москваны,
Дұшпанның адымын ер аштырмады!
Вена мен Прагадан жауды қуып,
Сақтасқан қызыл тулы астананы.
Тыныс ап бір жүректен ер достасып,
Грузин, орыс, қазақ қол ұстасып,
Отанның қырандары Берлинді алды,
Танкідей табанына жауды басып!
Жас қазақ жауар бұлттай шын құрыстап,
Майданның қызыл жалын туын ұстан.
Ордасын Кенигсберг күйрете ұрды,
Бас иді жау үясы — рейхстаг!
Берлин мен Токионың ініндегі,
Қай дұшпан біздің оққа ілінбеді!
Ерлерге жауды жеңген алғыс айтып,
Зор штаб Кремльде күлімдеді.

1949



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қайраттанбай тұрам ба?

  • 0
  • 0

Қуатыма құрсанған
Құлатам, деп бусанған,
Жаудың қолын көргенде,
Қынаптан қылыш сермеуге,

Толық

Миллион толқын

  • 0
  • 0

Мың, мың қолдар, миллион милар,
Милар миллион қимылда...
Миллион толқын
Толқын миллион,

Толық

Мотор жыры

  • 0
  • 0

Электрлі күшті станок
Найзағайдан от алғам
Тіл үйрендім,
Күй үйрендім,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар