Өлең, жыр, ақындар

Жданов туралы жыр

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 391
Күннің көзі қызарып,
Тамшы жасын іркіп бұлт,
Сұрғылт тартып сазарып,
Тына қалды неге жұрт?
Қырмызы қызыл жалаудың,
Желбіреп қара жиегі,
Отанда күллі адамның
Күрсінді неге жүрегі?
Ұйқыға мәңгі жұмылып
Сөнген кез сүйген ұл көзі,
Қайғысына шомылып,
Қызарған еді күн көзі...
Қамқа қызыл жалаудың
Қарайғаны жиегі,—
Қаза болып аяулым,
Қайғы алғаны жүйені.
Сүйікті ұлы елімнің
Қайтыс болды Жданов,
Қамықты менің көңілім,
Өлімнен өмірін қызғана.
Мезгілінен ертерек
Ажал неге сұқтанды?
Ажалдан ісі ірірек,
Жүрегі бірақ тоқталды.
Жанары жасып жассыз көз,—
Жұрт ойы бұлт боп томсарды.
Қайғыға қауырт болып кез,
Жыр қанатын мұң шалды...
Тартылып керней күңіреніп
Жез көмейден сыңсыды...
Жан түгіл, темір тебіреніп,
Мұңды үн миды шымшыды.
Ел үшін бүкіл өмірін
Сарып қылған жасынан
Ер көз жұмды. Елінің
Бағы өшпес мәңгі басынан.

1949



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бесжылдықтың балғасы

  • 0
  • 0

Солқылдата соғылсын
Бесжылдықтың балғасы!
Арқырасын асаудай
Өндірістің арнасы!

Толық

Гүлденген Қазақстан

  • 0
  • 0

Бұлт шеккен Алатаудың шыңына,
Шұғыласын күннің көзі төгіпті,
Жасыл құрақ тәжім еткен суына,
Нарттай қызыл алмалары көрікті.

Толық

Сұрану

  • 0
  • 0

Өзім сүйіп, өзім кірген партия,
Берші маған қиын-қиын тапсырма,
Жұрттан қалмай, алға қарай тартайын,
Жүкті арбаны алып шығам нақ шыңға.

Толық

Қарап көріңіз