Өлең, жыр, ақындар

Тройка

  • 20.07.2022
  • 0
  • 0
  • 417
Тесе қарап жолға неге үңілдің,
Оқшауырақ жарқын серіктеріңнен?
Алас ұрып соққан сонша жүрегің
Албыртқан сезем көркін өзіңнен.
Неге сонша асығасың жүгіріп,
Құйындатқан тройканың соңынан?..
Сұлу жүзбен қарайд саған бұрылып,
Тройкалы жас офицер жолынан.
Ғажап емес саған қарап таңғалған,
Сені ұнатпай тұра алмайды бір көрген,
Қызыл жібек лентаң желмен ойнаған,
Түндей қара тұлымың да төгілген.
Қызыл күрең нарттай жанып жүрегің
Желпігендей, желкілдеген тұлымың,
Қиғаш қара қас астынан сезімге
Сиқырлы көз атқан отын нұрының.
Қара көзің бір жалт қарап қалғанда,
Жүректі арбап қыздырғандай қаныңды,
Еріксіз көп ой салып бір шалға да
Тұтатқандай жас кездегі жалынды.
Әмір сүріп сайрандарсың шешіле,
Алда жеңіл қызық өмір сүрерсің,
Бірақ, сенің тимеген ол еншіңе:
Салдыр-салақ бір мұжыққа тиерсің.
Омырау жауып мықыныңды қынатып,
Алжапқышты тағынарсың алдыңа.
Күйеуің де ұрып-соғып, жылатып,
Қайны енең де мәймеңдетер алдында.
Жұмыс басты болып, мойнын бұралмай,
Өспей жатып, семген гүлдей өшерсің
Манаурарсың ұйқың өмір бір қанбай,
Бала әлдилеп, асыңды әрең ішерсің.
Сенің барлық қимылыңнан, жүзіңнен,
Өміріңнен сезілер тез кенетте,
Қиындыққа көнген мәнсіз төзіммен
Үрейленгіш түскендігің әдетке.
Көмер сені салқын ылғал қабірге,
Бітірген соң ауыр сапар жолыңды,
Пайдасы жоқ өшер күшің өмірде,
Еш бір нәрсе налытпаған жаныңды.
Қарамашы жолға сонша қамығып,
Тройканың шаппа артынан асығып,
Налып жүрек дабылы да қағылып,
Не бітірмек, өшір, қалсын басылып.
Тройкаға жете алмассың құтырған,
Ол мықты аттар тамағы тоқ жұтынған!
Ат айдаушы ішіп алған мас бала,
Құйындатып өтті офицер жас қана.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Еліктей ме ақынға

  • 0
  • 0

Еліктей ме ақынға,
Еркелейді толқын көк,
Толқыннан қалар ақын ба,
Ақын да кетті толқын боп...

Толық

Тірі жанға ой қоғзап

  • 0
  • 0

Жарыса сұлу көктеммен
Жарқырап туар Май айын
Жұртпен бірге күткем мен
Гүлін Майда даланың.

Толық

Мен барғанда

  • 0
  • 0

Мен барғанда ауылға
Жасыл тоғай, құмдарда
Жауын да жоқ, дауыл да,
Жап-жайдары тұрды Орда.

Толық

Қарап көріңіз