Өлең, жыр, ақындар

Тірі жанға ой қоғзап

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 381
Жарыса сұлу көктеммен
Жарқырап туар Май айын
Жұртпен бірге күткем мен
Гүлін Майда даланың.
Қыс күні шың құздарды
Қарлы құйын ораған,
Аязда да ызғарлы
Жемдеп малын қорадан,—
Шешпей тонын үстінен
Шегінбей де бораннан
Суық күнде үскірген
Малға қат-қат оралған,—
— «Өседі,— деп,— мал төлден»,
Тыным таппай бір адам,
Тұрып ылғи ертеңмен,
Қоралы қойын қараған.
Ол бір колхоз шопаны
Бойындағы Күртінің
Күртіде оның отары,
Шопан — көзі жұртының.
Деуші еді ол, қыс қысса:
— Май туса екен, Май туса!
Көргені оның бір қыс па?
Туды Май да салтынша.
Туды сұлу Май айы,
Тірі жанға ой қозғап,
Қырларда ұшан қайдағы
Мал төлдеді, қой қоздап.
Мал төлдеді, қой қоздап,—
Май да туды, жаз күлді!
Қозы емізген уыз ап,—
Көрдің бе, қыз Назгүлді!
Колхозында өзінің
Назгүл малдың дәрігері,
Алдында өсті көзінің
Ойнақтаған төлдері...
Міне, бүгін ауданда
Тойлап Майдың мейрамын,
Сол қыз сапта тұр алда,
Шырқап әннің ырғағын.
Мерекелеп ту алып,
Шопан да жүр Назгүлмен,
Жұрт мейрамдап қуанып
Жайраң қақты жазбенен.

1957



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Эммаға

  • 0
  • 0

Аруым, – айрылысар жетті кезің
Амалсыз қоштасуға сүйгеніңмен,
Ұйқы жоқ жатар енді балқып сезім,
Ылажсыз сезілер мұң реңіңнен.

Толық

Ағалар

  • 0
  • 0

Бізде асыл ағалар бар
Ініні сыйлайтұғын.
Әр түрлі бағалар бар,
Кейде ойға сыймайтұғын.

Толық

Аттан десе

  • 0
  • 0

Далада андап шешек атқан,
Май айының қызыл гүлі,
Қызыл гүлден лента таққан,
Көтерілді жердің туы.

Толық

Қарап көріңіз