Өлең, жыр, ақындар

Эммаға

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 579
Аруым, – айрылысар жетті кезің
Амалсыз қоштасуға сүйгеніңмен,
Ұйқы жоқ жатар енді балқып сезім,
Ылажсыз сезілер мұң реңіңнен.
Бұл сәтте уайымның сәл бұлты орала,
Лап сөнер құмарлықтан жанған жалын,
Аттанып бір жат елге біротола
Кетсе егер бауыр басып сүйген жарың...
Бағымыз жанған алғаш бұл араны
Сан рет еске алармыз езу тартып,
Өзеннің бойында ескі мұнараны,
Сонда ойнап күлген біздің күнді шалқып.
Есіңе ал көк тоғайда серуенде
Толқынын сүйген өзен кезімізді,
Қия алмай ақырғы рет сол өңірге
Қадаушы ек ойға шомған көзімізді...
Сайрандап жүріп талай сол тоғайда
Аз емес өткен тәтті күндеріміз,
Есте ме, сәл демалып шаршағанда
Көңілді күліп-ойнап жүргеніміз...
Жүзіңе ұйықтап жатқан қызығым деп,
Шыбыннан қорғау сені естен шығып
Кеткенде, қас қаққанша ызыңдап кеп
Бетіңнен ұшқан маса өткен сүйіп...
Шақ еді шаңқай түстің қандай қызық,
Қайықпен өзенді өрлей жүзгеніміз,
Ескекпен көк толқынның бетін сызып,
Жағадан көк тоғайға кіргеніміз!..
Рақат, шіркін, со бір күндер өтті,
Құлазып қалдым жалғыз, тағдыр айдап,
Еске алып өткен енді күнді тәтті,
Жүрермін үмітті өшкен ылғи ойлап...
Бұл жайды ұқпас – қызды сүйіп, күйіп
Махаббат шырын балын татпаған жан,
Айрылысар кезде ойға ұйып тұрып,
Мұңына ғашықтықтың батпаған жан.
Жоқ сірә бұдан ұлы артылған дерт,
Сүюдің соңы қиын басқасынан,
Қоштасу сүйгеніңмен ақырғы рет
Қиын-ақ, тіпті, бүкіл қоштасудан.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүрегің лүпілдеген

  • 0
  • 0

Сұлу жыр түртсе жаның,
Жүрегің лүпілдеген,
Сондай-ақ күтсе жарың
Үйіңде үлпілдеген!

Толық

Анар

  • 0
  • 0

Асыл сыйы Наманганның күзінің
Асыл жерден жіберілген бұл анар,
Доп-домалақ шардай қызыл өзінің, –
Шоқтай жайнап піскен дәні гүл-жанар!

Толық

Советтік паспорт туралы өлең

  • 0
  • 0

Мен қасқырша
Мытар ем
Төрелікті
Мандаттарды

Толық

Қарап көріңіз