Өлең, жыр, ақындар

Қылыш

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 413
«Елге қылышпен кірген, сол қылыштан өлер болар»
Александр Невский

Кигенің, жігіт, көн етік,
Күміс сап қылыш беліңде.
Шаршапсың ауыр жол өтіп,
Қонып кет менің үйіме!
Қымбат жібек орынға,
Ұйықтатам, еркелетем де,
Қан, жаспен жерді жууға
Үлгірерсің ертең де!.. –
Сымбатты сұлу офицер
Келіншек сөзін есітті,
Кірді үйге, зәрлі баскесер
Қаттырақ жауып есікті.
– Айлалы әйел, ұнаттым,
Беймәлім маған атың да,
Әкел тауып арақты!
Төсек сал, шешін отыр да.
Тауық сойып пісіріп,
Арақты әйел ішкізді,
Майлы көз майор ісініп,
Мас боп әбден, іш қызды.
Хош көріп құрметтегенін,
Тарттырды етік қонышын,
Шештірді енді мундирін.
Ілдірді күміс қылышын.
Алуға майор тынысты,
Сілтеп жалаң қылышты.
– Құшағыңды аш! – деп жатты.
Әйел оған тіл қатты:
– Сен бүлдірдің жерімді.
Сен өлтірдің ерімді,
Мазағыңа мен енді
Жүрегімді берем бе?
Ілсең де қылыш беліңе,
Күтпе жәрдем құрыштан,
Қылышпен кірдің еліме,
Өлесің осы қылыштан.
Сілтеді қылыш тым күшті,
Жанынан жауды түңілтті
Сабына дейін қылышты
Жүрегіне оның сүңгітті.
Бұл сый жетті түбіне
Тырп етпе, майор,
тыныштан!
Қылышпен кірдің еліме,
Ажалың болды қылыштан!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Талант өлмейді

  • 0
  • 0

Сары жез шірір ақыры
Сандыққа салып бақса да,
Шын алтынды тот баспас
Мың жыл жерде жатса да.

Толық

Шіркін-ай, не еткен даласың

  • 0
  • 0

Күн қарытпай, көзіне
Алақанын күндік қып,
Қарап қырдың жүзіне
Тұрған қарттан үнді ұқтық.

Толық

Ақын анты

  • 0
  • 0

Қуанғаннан шарқ ұрамын,
Ұлы сыйға жаным күлген;
Сыйы асыл партияның
Ақындардың жанын білген!

Толық

Қарап көріңіз