Өлең, жыр, ақындар

Шіркін-ай, не еткен даласың

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 240
Күн қарытпай, көзіне
Алақанын күндік қып,
Қарап қырдың жүзіне
Тұрған қарттан үнді ұқтық.
Десеңіз:
— Бұл тұрған кім?
Жан-жағын бір нақ болжап?—
Қарауылы қырманның
Қырды шолған қарт Қожақ!
Қырманға бір, егінге
Көз жанарын суарып,
Келді шаттық көңілге
Дала көркін құп алып:
— Дән төгілген кеудеңнен
Шіркін-ай,
не еткен даласың?!—
Көз тартасың көргеннен,
Көрсем мейірім қанасың!
Қара мақпал жоныңды
Жүр екенбіз баптамай,
Топырағыңды торғынды
Кім кете алар мақтамай!—
Деп, риза болды да
Тұрды сипап сақалын,
Сол кез қырды шолды да
Комбайн тізді қатарын.
Қиқу салып қыратта
Комбайндар ызғытты,
Қиылып жатты ораққа
Ақ бидайлар жез мұртты!
Комбайндар жып-жылдам
Егінді орып төңкерген;
Машинаға інжу дән
Құйылып тұр бункерден.
Күн қарытпай көзіне
Алақанын күндік қып,
Қарап қырдың жүзіне
Тұрған қарттан үнді ұқтық.
Дән төгілген кеудеңнен
Шіркін-ай, не еткен даласың,
Көз тартасың көргеннен,
Көрсем,— мейірім қанасың!

1956



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жаңбыр алдында

  • 0
  • 0

Көңілсіз жел қуалай,
Көктен бұлтты торлаған,
Сыңсып, сынған қарағай
Күбірлеген қара орман.

Толық

Төрт қыран

  • 0
  • 0

Бұлан-талан бұлт тулап
Тұрса көктен бір дауыл,
Су қыраны қиқулап
Қақса аспанда бір дабыл, —

Толық

Миллиондармен біргемін

  • 0
  • 0

Өмір менен өлімнің
Қойса екеуін алға нақ:
Бір секундын өмірдің
Сүймес пе адам мың қабат!

Толық

Қарап көріңіз