Өлең, жыр, ақындар

Ұйғыннан

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 372
ЖҮРЕК ТОЛҚЫНДАРЫ

Толқынды кәрі тарих ізінен мен
Қанға ұқсас қызыл гүл, шешек тердім.
Шабыт алып қыз көктем жүзінен мен
Жаздым жыр. Бар асылымды елге бердім.
Таң арайы қызарып, түрленгенде
Жан бұрқанып, ой-қырды жүрді аралап.
Жаңарып ел өмірі гүлденгенде,
Қайғы, мұң, қасіретті еттім талақ.
Таң қанатын жазғанда нарттай жайнап,
Толды көңіл: нәзік ән, тәтті күйге.
Таң жырын құбылтқанда бұлбұл сайрап,
Мақпалдай қызыл гүлден тақтым түйме.
Өшіріп азап үнін толқын шуы,
Шалқырын жаңа өмірдің білгенмін мен.
Жеңістің желбіреген қызыл туы
Алдында тәжім ғып бас игенмін мен.
Күлгенде үміт. Келешек тағдырымды
Көктен емес, іздедім туған жерден.
Ұмыттым мен жоқшылық өткен күнді,
Күттім мен қуанышты жаңа өмірден.
Жолыма егіліп гүл бүгін нұрдан,
Көңілім қуанышқа отыр толып.
Келмейді көк теңіздер жұлығымнан,
Қайғыны шел далаға кеттім көміп.

1926 ж, ноябрь



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жұлдыз

  • 0
  • 0

Түн қараңғы қоңыр бұлт,
Бір кезде түсі бұзылған.
Кеудеде өрт, жабық кілт...
Қайғыдан сызық сызылған.

Толық

Волга-Дон

  • 0
  • 0

Кездеспеген ежелден
Бірі — мен, бірі — Волга-Дон,
— Кездесіп бүгін кезеңнен
Толқындар түсті жолға кең...

Толық

Ақын анты

  • 0
  • 0

Қуанғаннан шарқ ұрамын,
Ұлы сыйға жаным күлген;
Сыйы асыл партияның
Ақындардың жанын білген!

Толық

Қарап көріңіз