Өлең, жыр, ақындар

Көңілім

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 560
(Қызыл әскердің он жылдық мерекесі күні)

Жаңа жаным жадырап жайраңдады,
Жада күн шашты әлемге алтын нұрын.
Жаңа шабыт шарқ ұрып, тіл сайрады,
Жеткендей жер түбіне асқақ үнім.
Жаңа жырым жібектен тақты қанат,
Жаңа көңілім толғандай тәтті күйге.
Жаңа мұңнан арылдым, көңілім шат,
Жаңа ауа кіргендей біздің үйге.
Бетінде кәрі тарих бұл ұлы күн
Алтынменен жазылған қалар ізі.
Шұғыласынан аспанда жарқырар түн,
Нұр шашар ай, күлімдер көк жұлдызы.
Жаңа тілім күй сандық құлпын ашты.
Жаңа көңілім шаттықтың гүлін шашты.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бауырлас славян халқына

  • 0
  • 0

Сорғалап ағып құлдырай,
Сұлу Нұра сыңғыра
Басқа жаққа бұрылмай,—
Жатқан бұрын кезінде:

Толық

Октябрь

  • 0
  • 0

Волга менен Эльбаның
Бойларын біз басқанда,
Кавказ бенен Карпаттың
Тауларын біз асқанда.

Толық

Жаңа әріп

  • 0
  • 0

Жаңа әріп,
Жаңаланып,
Шықты жаңа өмірде
Түр бергендей,

Толық

Қарап көріңіз