Өлең, жыр, ақындар

Бауырлас славян халқына

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 453
Сорғалап ағып құлдырай,
Сұлу Нұра сыңғыра
Басқа жаққа бұрылмай,—
Жатқан бұрын кезінде:
Егор қызы Мария,
Жұрт алдында жария,
Нұраның қарап жарына,
Жүзімдей жасыл көзінде:
Көз жасы мөлдір шықтай,—
Жаны отты ғашықтай,
Алай дағы, асықпай
Жар күткен сол өзенде...
Сұлу бойын сылаған,
Бақытты өмір сұраған,
Елінен ұлы славян,
Нұры ойнай жүзінде,
Қазақ ұлы Дударды
Сүйіп жаны құмарлы,—
«Дудар - ай» әнін шығарды.
Оған куә сөзі де:
«Қолында Мариямның өткір қайшы.
Қағазға Мариям атым жазылсайшы!
Қор болып бір жаманға кеткенім,
Алдымнан қазылған көр табылсайшы»...
Деп «Дудар - ай» әнімен,
Нақысты әннің сәнімен,
Дударды сүйіп жанымен
Қосылып құштар қос жүрек.
Бірге соғып екі ұлттан,
Бірін-бірі ұнатқан,
Жан ләззатын оятқан,
Талпынған екі тас түлек.
Славян мен қазақтың
Достығына ұзақ тым
Ертеден куә азат күн,—
Халықтан туған қош тілек.
Қашаннан да ер халық,
Бірлік туын қолға алып,
Жауға қарсы жонданып,
Құлаш ұрған қос білек.
Оған Нұра толқыны
Куә боп ағып толқыды,
Толқыды да тулады,—
Жарына соғып күштірек!
Ал, бүгін жау жендеті
Құтырып фашист төбеті
Тиіскенде,— жер беті
Жиіркенді жаудан көріне.
Халық мұндай майданда
Қаһар төкпей қалған ба,
Жау аяғын салғанда
Қасиетті жеріме.
Ұлы Отанның шегіне,
Славянның еліне,
Жау тигенде,— төгіле
Шықпас па ер кегіне!
Жауды талай сынаған,
Ұлы ер халық славян
Дұшпаның талай сұлаған,
Шегіне көрме, шегіне!
Қаһарлы қазақ халқы да,
Ер салып тұлпар атына
Мініп, жауды жапыра
Шықты майдан төріне.
Мариядай біздегі
Отанның талай ұл, қызы
Майданға шықты, қырмызы
Туын ұстап, төріне!
Ұрпақтары ырыс, күш,
Қол ұстасқан құрыш күш,
Бірі танкист, бірі ұшқыш
Оқ атқан жаудың шебіне.
Днепр мен Неваның
Ақ Еділ мен Нұраның
Ежелгі құтты тұрағын
Сақтайды елі, ері де.
Тұлпар мініп, ту ұстап,
Бойда күші құрыстап,
Аманкелді ер дауыстап
Шыққан қазақ батыры.
Чапаев пен Фурманов
Жасағында
жауды ұрып,
Орыс, қазақ бірігіп
Тігілген майдан шатыры.
Қол ұстасып қашаннан
Жарақтана жасанған,
Асқардан талай аса алған
Құрсанған халық батыры.
Төбесінен Берлиннің
Оқ жаудырған ерлерім
Ұшқыштар көктің шеңберін
Қаусыра қаптай ұшты кеп!
Майданда танк қаулады,
Тұяқпен тарпып жауларды,
Тауларды да аударды,—
Күркіреп күндей күшті кек!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бір досыма

  • 0
  • 0

Бір досым, маған кейде:
«Шайыр болып,
Майданға барып едің Тайыр болып», –
Дейді де, әзілімен қағытады, –

Толық

Достық дәні

  • 0
  • 0

Айдыны аспан сүйген Ақ Жайықтың
Жайнаған жасыл тоғай жан-жағы ықтын,
Ақтарып ақ бидайдың атырабын
Толықсып тұр тамаша ғажайып күн.

Толық

Көктем

  • 0
  • 0

Күлімдеп келсе көктем гүлін ашып,
Бөленер алтын нұрға тау мен қия.
Қар көзінің жасынан інжу шашып,
Жасанар тал, құстар да салар ұя.

Толық

Қарап көріңіз