Өлең, жыр, ақындар

Құрметті легион жұлдызы

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 402
I
Құйдың ерлік жұлдызы
Сәулеңді ер адамға,
Миллион жан өзіңді
Сүйіп, кірді майданға;
Туған жұлдыз көгінде
Неге өшеді жерінде?

II
Сәулең өшпес жануда,
Сонда тұр ер жаны да,
Даңқты зор батырлық
Жырыңда да жатыр нық,
Ерлік көздің отынан
Жерде жалын атылған.

III
Қызыл-жоса тасқының
Басты патша асқынын,
Қаһарыңмен қанша мың
Қалтыраттың жер шарын,
Буырқансаң бір өзің
Бүркей алдың күн көзін.

IV
Сен ашуға басқанда:
Кемпірқосақ аспанда
Шығады бір жұлқынып,
Өтті реңі құлпырып!
Еркіндіктің құдайы
Оны өшпес деп ұғады!

V
Онда алқызыл күн жүзі,
Әм періште нұр көзі,
Және ақшыл ауаның
Мың құлпырған бояуын
Көрем, сұлу үш бояу, –
Кемпірқосақ үш тарау...

VI
Сөндің ерлік жұлдызы!
Күңгірт тартты көк жүзі...
Жету үшін таңға шын,
Кім төкпейді көз жасын?
Жаныңда жұлдыз жанбаса, –
Тірлігің құр далбаса.

VII
Еркіндікке қуана
Тебіренер аруақ мола да,
Еркіндікке құмартып
Жорықта өлген ер артық!
Жарқырап әлі-ақ жұлдызым
Жанарсың үсте сен біздің.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мұнай

  • 0
  • 0

Каспийдің күміс көбік толқынындай,
Бұрқанып жердің астын керней тулай,
Арналы алып Эмба шыңырауынан
Бұрқырап көкке шапшып шыққан мұнай.

Толық

Сенің туған отаның

  • 0
  • 0

Жайна гүлдей жадырап,
Жас жеткіншек ұланым.
Қызыл ту нарттай албырап,
Келді Октябрь мейрамың.

Толық

Алғыс

  • 0
  • 0

Шың шоқысы көкке тиіп,
Аясында ойнап киік,
Қырғыз тауының атасындай
Сұңқар ұя тұрған биік.

Толық

Қарап көріңіз