Өлең, жыр, ақындар

Біз — комсомол

  • 22.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1535
(Комсомолдардың көпшілік өлең маршы)

Біз — комсомол — жас қайратты,
Пролетар табынан.
Біз шалғыншы ұшқыр атты,
Алдыңғы сабынан.
Қайырмасы:
Бас қыздырып даңғыл жолды,
Тура тұт маякты!
Оңды-солды, оңды-солды
Шіреп бас аяқты!
Ешбір жаудан сескенбейміз,
Күреске дайынбыз.
Көкте сұңқар, жерде тұлпар,
Мұхитта жайынбыз.
Қайырмасы.
Лениншіл жас ерді берік,
Октябрь туғызған.
Күрес үшін белді берік
Болатпен буғызған.
Қайырмасы.
Ленин жолы — жолың даңғыл,
Маякты түзу жол.
Үркіт жауды, досты таң қыл,
Лек-лек бас, комсомол!
Қайырмасы.
Компартия не бұйырса —
Істейміз тақ тұрып,
Жаудан елді күзетеміз
Әрқашан сақ тұрып.
Қайырмасы.
Сақпыз дауам қарауылда
Күзетіп Отанды.
Бағып және әр ауылда
Қырман мен қотанды!
Қайырмасы.
Бас қыздырып даңғыл жолды,
Туратұт маякты!
Оңды-солды, оңды-солды
Тіреп бас аяқты!

1935 жыл.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жас қазақ

  • 0
  • 0

Жаңа батыр жас қазақ,
Еңбекші тап ұланы.
Бай, мырзаға қас қазақ,
Жалпы теңдік ұраны.

Толық

Жел қайықта

  • 0
  • 0

Тәуекел дарияға салсаң қайық,
Қорықпай жүз, тұтқан жолда кетпе тайып.
Дарияда бірде тыныштык, бірде дауыл,
Қаңбақша кезер кемең қанат жайып.

Толық

Күзетші иттер

  • 0
  • 0

Біздің ауыл жиналды
Қой сойып, ет жеп тоюға.
Жиналған соң кеңесті
Қотанға күзет қоюға.

Толық

Қарап көріңіз