Өлең, жыр, ақындар

Ленин кетті

  • 29.07.2022
  • 0
  • 0
  • 676
Жау бар ма еді
Оған оғын атпаған?
Ащы тұрмыс
Қай уын ол татпаған?..
Құрыш тәні,
Ыстық жаны,
Жүрек-жаны
Коммуна үшін
Өрт боп жанған, жатпаған.
Табиғаттың
Бар ма тозбас темірі?
Мәңгі жанған
Бар ма май, тас көмірі?..
Өрт боп жанған
Өрттен шаңқай,
Көкті шалған
Бас көсемнің
Үзілді тез өмірі...
Адамзаттың
Сирек туар данасы,
Коммунаға
Жол бастаған санасы
Барлық жәйтті,
Нұсқап айтты,
Мәңгі қайтты...
Қайта жұтып
Жаратылыс — анасы...
Тап ақырда:
«Жер тобы, кең,
Қайда зырлап жүзесің?..
Тым мезгілсіз
Неге өмірді үзесің?!.
Ленин елді!.
Күңірентті елді!..
Бүк тізеңді...
Тоқта!..» деді...
Жер де, көк те
Бүкті иіліп тізесін!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Социалистан

  • 0
  • 0

Октябрь мейрамына
Бүгін тарих Ұлы күні,
Жұмысшы тап
Күндіз-түні

Толық

Надан бай

  • 0
  • 0

Мың жылқы, мың қойым бар бір басымда,
Қызықты көріп бақтым бұл жасымда.
Бір аяқ саумал үшін малай болған
Қараша үй қоңсым бар көп қасымда.

Толық

Шөлде

  • 0
  • 0

Көкіректе қайнаған кек оңдыра ма?
Көңілді бір орынға қондыра ма?
Түнерген қара қабақ жадырасын,
Ән салып, күй күйлейтін домбыраға.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар