Өлең, жыр, ақындар

Лениннен кейін

  • 29.07.2022
  • 0
  • 0
  • 526
Ленинсіз жыл
Өтті тоғыз, сегізі...
Ленинизм
Мәңгі мұхит теңізі.
Туын ұстап Ленин — штаб.
ЦК бастап, Социалдың
Салынды нық негізі.
Ленин жолы —
Жолдың жалғыз түзуі.
Мәңгілікке
Жоқ оны ешкім бұзуы.
Екпінге ұран,
Білек сыбан,
Ұлы план Лениннің, сол
Тартқан ұлы сызуы...
Еңбекші ну,
Колхоз орақ, балға бас,
Ленин туын
Биік ұстап алға бас!..
Өндірісті
Өндіре істеп,
Көтер үстеп,
Бесжылдықтың
Қызулы ісі қарбалас.
Сұмды жойып,
Кемістікті түзелік.
Сұм кеселдің
Өңмендерін үзелік!
Жаңа тұрмыс,
Шаңқай қырмыз.
Жас құрылыс Майданында
Ескілікті сүзелік!..
Ар, иманы,
Қанаушылық атасы;
Бой тұмары.
Лас, арамдық батасы.
Қуға қару,
Сұмға дару,
Керек қару.
Біздің нудың
Болса кеміс қатасы.
СССР-ге
Сыртқы қалың сұм-сұғын,
Тон жамылған іштегі иттің жымсығын,
Қарсы ал отпен,
Алмас шотпен,
Үшкір оқпен.
Айлалы жау
Сұғып көрсін тұмсығын!..
Бұзық Сұм
Итті.
Жеп,
Ішкен,
Битті.
Тап!
Теп!
Құрт!
Қу!
Інің
Қаз!
Күй,
Су!..
Жұмыскер тап
Дүкеннің отымен,
Социалдық
Машинаның ходымен
Сомдал сана,
Сымдал сара,
Ұлы дана Маркс — Ленин
Құрыш балға-шотымен.
Социалдық
Индустрия буымен,
Екпінді істе
Жұмыскер тап нуымен!
Білім қайна,
Гәуһар айна,
Өрттей жайна,
Маркс — Ленин
Құрышының суымен.
Штаб - ЦК Ленин салған жолында,
Ленин жасап
Берген план қолында.
Адым шіреп,
Нық-нық тіреп,
Күшін білеп
Жұмыскер тап
Штабының соңында.
Туы Ленин.
Партия адым кереді.
Еңбекші ну
Көсеміне ереді.
Еңбек нуы,
Болат буын!
Ленин туы —
Тек сол ғана
Дүниені алып береді
Лек, Лек, Ас! Бас!
Нық, Нық, Марш, Бас!
Құрыш,
Күш,
От,
Шаш!
Сап, Сап, Нәш, Бас!..
Алға
Адым Марш
Бас!..
Топ, Тап, Алға Ас!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қызыл ерлер

  • 0
  • 0

Патшалар, байлар, мырзалар,
Көп жыл бізді билеген.
Шіреніп жатып ақ үйде
Табанымен илеген.

Толық

Заман ағымы

  • 0
  • 0

Өткен күн ертедегі бейне сағым.
Замана құбылады, жоқтай «бағым».
Үдере, бұлдыр қағып, тынбай аққан
Зырлаған заман шіркін сияқты арын.

Толық

Отарба

  • 0
  • 0

Отарба — өрге өрлеген, тамаша өнер,
Надандық өнер күшке лажсыз көнер.
Кім де-кім оның жолын кес-кестесе,
Езіліп, құмырсқадан оңай өлер.

Толық

Қарап көріңіз