Өлең, жыр, ақындар

Жұмыскерлерге

  • 01.08.2022
  • 0
  • 0
  • 831
(Нілді, Спасск, Қарағанды заводтарының жұмыскерлеріне арнадым)

Түсің суық, тәнің шойын, жалаңаш,
Өлшеген нан, қара суды қылып ас.
Тұрмыс лажын жер астынан іздеген,
Күндіз-түні алысқанын, көмір тас.
Өң жоқ, түс жоқ, кепкен, солған, арыған,
Тәндеріңді жастан темір қарыған.
Жанды жанмен асыраған қаһарман,
Қарның тойған күн болмаған — жарыған.
Ауыр балға, ауыр қайла, күрегің
Күшті қолда; болат жұмыр білегің.
Балшық басқан, күйе басқан жалаңаш,
Бауырларым, теңелуің тілегім.
Мехнатқа салып бақтың тәніңді.
Халық үшін тек бәйге қып жаныңды.
Жер үңгіген жұмыскерлер, төгіп ең
Мехнаттың майданында қаныңды.
Жүректің де әлі-ақ, бітер жарасы,
Орнар бақыт бітіп дүние аласы.
Қажымаңдар, мехнатта — рахат бар,
Бауырларым, қалың нашар баласы.

1921 жыл, 25-шілде, Қарағанды



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бір ақынның сандырағы

  • 0
  • 0

Ауру ақын
Ыңқылдайды төсекте
Қыстығып.
Доктор жақын,

Толық

Сылаушылар жыры

  • 0
  • 0

Сұр алжапқыш, сұр кенеп,
Тегіс сұрғылт киіндік.
Тізе қосып тізіліп
Іске тастай түйіндік.

Толық

Азап вагоны – дозақ

  • 0
  • 0

Теңдігі үшін нашардың
Жауызға көнбей туладық.
Залымдардың жасаған
Аранына уладық.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар