Өлең, жыр, ақындар

Қасқыр менен мысық

  • 10.08.2022
  • 0
  • 0
  • 1367
Аңшылар аңға шықты мылтық алып,
Иттерін жүйрік-жүйрік ертіп алып,
Ішінде қалың тоғай ұйықтап жатқан,
Бір қасқыр қаша берді тұра салып.
Батырды бәрі бірдей қуысады,
Жүйрік ит, аттары да жуыспады.
Із тастап олай-бұлай бұлтақ-солтақ,
Қасқыр да бір ауылға жуықтады.
Ауылға келіп кірді жаны шығып
Көңілі жасырынбақ бой таса қып,
Көре алмады ешбір жанды жөн сұрайтын,
Сөз салды бір мысыққа тұрған жуық.
— Нысаным, көп сөйлеуге уақытым жоқ,
Артымнан келе жатыр дұшпан қуып,
Ізгі адам бұл ауылда қай жерде бар,
Тұрар ем аңшы еткенше бой таса қып.
— Батыр-ай, халың тіпті жаман екен
Бұл ауыл бәрі де сақ жатқан бекем,
Ән жерде Тұяқ деген біреу бар ед,
Сол аяп, сұрап қара, тықпас па екен.
— Мысым-ау, Тұяқ мені не жуытсын,
Былтырдан жүрген маған қайрап тісің
Алты аласы, бес бересі болмаса да,
Қызығып жеп қойып ем бір тоқтысын.
— Ендеше ән жердегі Бақайға бар,
Ол саған жасырынсаң орын табар,
Мекен қып бұл ауылды көптен жүрмін,
Шықпап ед жамандаған ешбір хабар.
— Бақайды айта керме ауызға алып,
Рақат көре алмаспын оған барып.
Жазды күн оңашада кез болған соң,
Жазықсыз бір бұзауға кеткем жарып.
— Болмаса ол екеуі Құлақ та тұр,
Кісі еді тәуір деген ауылда бір,
Ол сені қайтсе дағы жасырады,
Батырым, шапшаңырақ сұранып көр.
— Қорқамын Құлакеңнің есімінен
Қарауға батылым жоқ есігінен.
Ашығып жүрген кезде жолыққан саң,
Жылқыда бір құлынын және жегем.
— Ендеше, не жан сауға сұрап келдің?
Батыр-ау, білмеймісің қалпын елдің,
Әркімге аз болса да зиян салып,
Қойыпсың үй басына осы жердің,
Бар ісің қалпында боп білсең қайтар,
Жауыздың жамандығын жақсы байқар,
«Не сепсең, соны орарсың» деген мақал
Сөзім жоқ бұдан басқа саған айтар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аққу, шортан әм шаян

  • 0
  • 0

Көп кіріскен іс оңбас ынтымақсыз,
Көп малдың, керегі не болса бақсыз,
Таудайын талаптан да бақыт артық
Болса да қара жаяу жалғыз атсыз.

Толық

Қауіпті достар

  • 0
  • 0

Жауыздың алдар кезде тілі тәтті,
Көрінер балдан зия инабатты,
Кіріп ап іші-бауырына бір момынның, 
Қолына түскеннен соң зар жылатты.

Толық

Пәлеге ұшыраған қарашекпен

  • 0
  • 0

Жасынан кемшілікпен михнат шеккен
Үй болып түзіле алмай жүріп көптен.
Ақырында әжептәуір бай болыпты,
Бұрынғы ертеде бір қарашекпен.

Толық

Қарап көріңіз