Өлең, жыр, ақындар

Көлбақа менен юпитер

  • 11.08.2022
  • 0
  • 0
  • 1063
Батпақты тастап бақа, болғасын жаз,
Орын ап тау басынан болып жүр мәз,
Су көп қой ол уақытта әрбір жерде
Үй салып рақаттанып тұрды біраз.
Бақаның бұл қуанышы ұзақ емес,
Не үшін соның жайын еттік қеңес,
Жаз өтіп, шілде келіп сарша тамыз,
Тау басы қыран жерлер кепті дөңес.
Шыланар шыбын аяғы болмады дым,
Бір тамбай көктен тамшы қуарып тым,
Биіктен орын алған үйді тастап,
Көлбақа сусыз болды өлетұғын.
Көлбақа тілек етті жатып енді,
Болдым деп өлетұғын осы күнде,
Өлтірме мен байғұсты рақымыңды ет,
Су беріп тау басымен бірдей жерге.
Тау басы су болса екен топан қаптап,
Жер жүзі көз жетпейтін болып аппақ,
Тартылып тұрған жерім кеппесе екен
Соқса да қызыл аңызақ, тары да аптап,
Көлбақа осылайша тұрды зарлап,
Ертеден кешке шейін тынбай сарнап,
Ақырында күдер үзіп, тіл тигізді,
Юпитер деген тасты сөгіп ақымақ.
— Ақылсыз,— дейді, сонда юпитер,
Жатырсын текке өліп мұнда бекер.
Пайдасыз бес тиындық ақылыңа,
Дейсің бе күллі жұртты суға кетір.
Одан да таудан түсіп аяңдасаң,
Батпаққа болды уақыт сенің жетер,
Көбі-ақ бұл кездегі адамзаттың,
Ұқсайды ғибратына үшбу хаттың,
Көл тастап тауға шыққан бақадай-ақ,
Тілегі бір басына ақымақтың.
Болады бір өзіне берсе алла,
Жамандық тілегені бөтен жанға,
Шіркіннің бес тиындық іші ашымас,
Өзі аман дүниені өрт алса да.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аң ауласқан қоян

  • 0
  • 0

Жиылып күшін қосып біраз аңдар,
Ішінде қасқыр, арыстан қабыландар,
Өлтіріп бір аюды жалаң жерде
Әрқайсысы бет-бетімен талады олар.

Толық

Қасқыр менен мысық

  • 0
  • 0

Аңшылар аңға шықты мылтық алып,
Иттерін жүйрік-жүйрік ертіп алып,
Ішінде қалың тоғай ұйықтап жатқан,
Бір қасқыр қаша берді тұра салып.

Толық

Сандуғаш және шымшық

  • 0
  • 0

Хат жаздым көтерілер көңіл хошы,
Жарамас әзілге де сөздің босы.
Ертеде бір кісінің болған екен
Шымшық әм сандуғашы — екі құсы.

Толық

Қарап көріңіз