Өлең, жыр, ақындар

Жібек жыр

Бір ару бартұғын,
Көрікті қиғаш кекілді,
Жырына оның не түрлі,
Манаурап мына дүние,
Жырланып жатқан секілді.

Қасірет келсе өмірден,
Көбейіп кетіп шіли мұң.
Кіршіксіз мына көңілден,
Тілеймін бақыт тілеймін.

Балалық кетті балдырған,
Балалық ізін салдырған.
Даналар салған жолға ер,
Бақытың шығар алдыңнан.

Адуын тартып асынды,
Жүгенін сері білекке.
Жырыңды оқып — асылды,
Теңедім сені Жібекке!

Ұйқыдан тегіс оянды,
Құлагер жыр, құлын жыр.
Өткен сәттер баянды,
Ал болашақ бұлыңғыр!

Ғажайып еніп пішінге,
Жасырын болғай кіл көрік.
Есімің менің ішімде,
Қалады мәңгі сыр болып.

Тарихы нәубет, қаяулы,
Орнады бүгін азат күн.
Құрметті, қамқор, аяулы,
Қызысың мына Қазақтың!

Ақын деген саябақ,
«Поэзия» — болса бір мектеп.
Жібегім сені аялап,
Өтемін мәңгі құрметтеп!

Өтсе де бал-бұл жас дәурен,
Шабытым әлі күшінде.
Ризамын саған, дәстүрден –
Сусындап жүрген үшінде.

Жырыңды құйып бойыма,
Оқысам оны тесіле.
Диналар келіп ойыма,
Фариза түсер есіме.

Ағуда заман сарқырап,
Суындай болып бұлақтың.
Тұратын ылғи жарқырап,
Жырларыңды ұнаттым.

Болмайын мейлің әудемде,
Ішімде жалғыз мұңым бар.
Талайдан бері кеудемде,
Айтылмай жүрген сырым бар.

Бақытың сенің табылар,
Асықпа оған жетем деп.
Жүрген соң қанды дағы бар,
Дештінің құмын мекендеп.

Қиырсыз әйтеу бір шұбар,
Алдыңда салқам талай жол.
Арамның зәһар сырты бал,
Сөзінен қалқам абай бол!

Мейірбан жалғыз Анашың,
Шынайы саған жанашыр.
Болған соң сөзбен білінбес,
Жүректің іші ғана сыр.

Ұятты ару бар маңға,
Дүзқара келін танылмас.
Бес күндік мынау жалғанда,
Әкеңдей қамқор табылмас.

Атанбас ашық көлбең қыз,
Темірдей тәртіп көрген қыз.
Алашқа ханша атанар,
Кемешек киіп жүрген қыз.

Қызысың сайын Созақтың,
Өрбіген жазық салмаң бел.
Сұлтаны мына Қазақтың,
Тәуекел ізін салған жер.

Қаламсап түсіп қолыңа,
Ішіңнен шерлі күй ақты.
Табиғат қанып жырыңа,
Теңселіп тұрған сияқты.

Өзіңе деген ішімде,
Көңілім болған бір тұйық.
Елесің ылғи түсімде,
Көз алдымда жүр күйіп.

Ал қызыл гүлдей қауладым,
Суына мөлдір бал қыздың.
Білмеймін, қалай жауладың?!
Жүрегін мына жалғыздың.

Махаббат деген ізге тік,
Сүрінбей барып жеткенде,
Тырналардай күз кетіп,
Келемін қайтып көктемде.

Жасымнан төгіп мұңымды,
Қалықтап жүріп шыр еткем.
Жазылған осы жырымды,
Жүрекпен тыңда жүрекпен.

Естайдан басқа түсінбес,
Қорланның мұңын еш пенде.
Қабағың сенің түңілмес,
Торланның суын кешкенде.

Аранға оңай ілінер,
Әйелде болса күш кенде.
Әйелдің ары бүлінер,
Махаббат У-ын ішкенде.

Өтпелі дәурен, имансыз,
Бәріде бекер жалғанда.
Сезімде бүгін күй қамсыз,
Алданба шырақ алданба.

Алданба қалқам, сұрамас,
Құнын да олар бағаңның.
Сөзіме менің құлақ ас,
Ақылын тыңдап ағаңның.

Сүйдім де көрдім, күйіпте,
Ақыры қайттім?!
Жыладым.
Шығамын деп биікке,
Құлдилап төмен құладым.

Алдымнан есіп түнгі леп,
Көңілден ағып шығар мұң.
Жібегім сені кім білед?!
Кіршіксіз сүйген шығармын!

Алашқа мәшһүр данқы бар,
Төлеген сені бермейді.
Ал мен деген қаңқұмар,
Бекежан болғым келмейді.

Ойлаймын өзім келінді,
Алыстан алу бекер деп.
Қапыда мына елімді,
«Қоңырат» шауып кетер – деп.

Арада ұзақ шақырым,
Шаңырақ басқа, ел басқа.
Анамның айтқан ақылын,
Түсінбей жүрдім мен қасқа.

Шөлдерді кезіп қаусаған,
Шалдығып келем қырманнан.
Жібекті жаным аңсаған,
Жоғалтып алдым бұл маңнан.

Аспанда толық ай қаймақ,
Түн жамылып, кеш қаздым.
Мен тұрмын жалғыз айқайлап,
Үстіне шығып Бессаздың!

Нияздан ағып басталып,
Есілге барып тасыған.
Сезімді сенен жасқанып,
Сырымды неге жасырам?!

Төбемде аспан, кең ғалам,
Астымда сазды қара жер.
Жібегім – енді сен маған,
Қарындас болып қала бер.

Қазақы ару мәрт айбын,
Тұғырым үшін бақ білем.
Шығарар төрге қарт айдын,
Астыңа төсеп ақ кілем.

Жылады мұңлы шын жүрек,
Қайғысын зорға баса нық.
Жырымды жаздым соңғы рет,
Көзіме ыстық жас алып...

27.06.16 жыл.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Лнайея

  • 0
  • 0

Соңғы кезде болмай жүрмін көңілді,
Сені ойлап көздің жасы төгілді.
Менің жазған әрбір сөзім өмірлі.
Тұрғанда мен әзірге жер басып,

Толық

Күнәһар

  • 1
  • 0

Ләззатты қуамын деп терледім,
Тартып келем енді соның кермегін.
Періште емес, мен де өзіңдей пендемін,
Ғарышта емес, Марста емес, жердемін!

Толық

Менің дінім

  • 1
  • 0

Исламнан басқа дінге нанбағам,
Исламсыз бағым менің жанбаған.
Ешкім мені кіргізбеді бұл дінге,
Өзім қайта осы дінді таңдағам!

Толық

Қарап көріңіз