Өлең, жыр, ақындар

Менің дінім

Исламнан басқа дінге нанбағам,
Исламсыз бағым менің жанбаған.
Ешкім мені кіргізбеді бұл дінге,
Өзім қайта осы дінді таңдағам!

Кей адамдар уағыз айтып үнемі,
Өз дінін ұсынады, білемін.
Қалай, қайтып басқа дінге өтейін,
Егер оған иланбаса жүрегім?

Көбісінің қабағынан қар жауды,
Осыменен доғарайық бар дауды.
Ислам дінін жүрегіме бекіттім,
Екінші рет жасамаймын таңдауды!

Ешқашан, әмір жүрмес сенімге,
Басқа дінді құрметтей біл кемінде.
Сенімімді құрметтесең меніңде,
Құрметтеймін сеніміңді сеніңде!

25.12.22



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Менің ұстанымым

  • 0
  • 0

Тілдесе де сыртымнан қай тарабым,
Сабырлықпен тек қана жай табамын.
Біреу маған жасаса жамандықты,
Жақсылықпен жауабын қайтарамын.

Толық

Асыл анам

  • 1
  • 0

Асыл анам!
Жалғыз менің жұбанышым.
Өмірімнің сарқылмас бұлағысың.
Бір мезет көрмесем дидарыңды,
Сағыныштан азынап тұрады ішім.

Толық

Муза

  • 0
  • 0

Өзіңсіз көкейге тұнар мұң,
Дауысыңды естуге құмармын.
Құштармын жүзіңді көруге,
Дайынмын сен үшін өлуге!

Толық

Қарап көріңіз