Өлең, жыр, ақындар

Асыл анам

Асыл анам!
Жалғыз менің жұбанышым.
Өмірімнің сарқылмас бұлағысың.
Бір мезет көрмесем дидарыңды,
Сағыныштан азынап тұрады ішім.

Асыл анам!
Таңымсың ғажап атқан.
Құшағына әлемді паналатқан.
Маған төккен мейірімің құралады
Айнадай кіршіксіз – махаббаттан!

Асыл анам!
Шынайы жанашырым.
Маған бердің мұхиттың әр асылын.
Сен сыйлаған шабытпен әлі талай
Бағындырам өмірдің дара шыңын.

Асыл анам!
Күнімсің көктегі жарқыраған.
Мен боламын өмірлік сарқырамаң.
Ана деген білсеңіз – алтын адам,
Алақаны секілді жарты ғалам.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жібек жыр

  • 0
  • 0

Бір ару бартұғын,
Көрікті қиғаш кекілді,
Жырына оның не түрлі,
Манаурап мына дүние,

Толық

Нәпсі Әр-Рухи

  • 0
  • 0

Берік болып рух деген аманатқа,
Бөленейік бақытқа ана жақта.
Өлім деген теңізге жұтылғасын,
Отбасың қалады жаға жақта.

Толық

Көктемгі ой

  • 0
  • 0

Ұмытылсын жадымнан өткен қайғы,
Сөз қозғаймын бүгін мен көктем жайлы.
Көктемде бар тіршілік құлпырады,
Көкке қарай жүрегім ұмтылады.

Толық

Қарап көріңіз