Өлең, жыр, ақындар

Нәпсі Әр-Рухи

Берік болып рух деген аманатқа,
Бөленейік бақытқа ана жақта.
Өлім деген теңізге жұтылғасын,
Отбасың қалады жаға жақта.

Адамзаттың марқаю көне заңы,
Өз нәпсімді жеңе алмай келем әлі.
Құдай бізді шақырса жұмағына,
Жаһаннамға қашады неге бәрі?

Жақұттарды жанымыз тақсын ізгі,
Көпшілігі ағысқа қарсы жүзді.
Кедергіден өтеміз ақырындап,
Басқара алсақ бойдағы нәпсімізді.

Өлшенбейді дәрежең дәулетіңмен,
Рухымыз тазарады тәубе етумен.
Құдай жазған тағдырға шағымдан ба,
Айырылсаң да сен тіпті бауыр етіңнен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Саған арнап

  • 0
  • 0

Саған арнап мен бүгін жазайын жыр,
Сені көрсем болады маңайым гүл.
Бос қалған жүрегімді жаулап ал да,
Сол жүрекке бір өзің қожайын бол.

Толық

Менің дінім

  • 1
  • 0

Исламнан басқа дінге нанбағам,
Исламсыз бағым менің жанбаған.
Ешкім мені кіргізбеді бұл дінге,
Өзім қайта осы дінді таңдағам!

Толық

Ғашықтық жыры

  • 0
  • 0

Ғашықтық па?
Кеттім одан безіп мен,
Бұрын оның мехнатын сезіп пе ем?
Ғашықтықтан жылымапты жүрегім,

Толық

Қарап көріңіз