Өлең, жыр, ақындар

Саған арнап

Саған арнап мен бүгін жазайын жыр,
Сені көрсем болады маңайым гүл.
Бос қалған жүрегімді жаулап ал да,
Сол жүрекке бір өзің қожайын бол.

Мен бүгін жыр жазайын саған арнап,
Білмеймін жырым қалай бағаланбақ?
Меніңде әке атанар кезім келер,
Кезің келер сеніңде ана болмақ.

Саған арнап мен бүгін жыр жазайын,
Ат ерттеп сарайыңа түн барайын.
Терезеңнен сол шақта бір көрінші,
Тым болмаса дидарыңа бір қарайын.

Жыр жазайын мен бүгін арнап саған,
Ыстық демің секілді шарбат маған.
Қызыл көлің әйтеуір аман болсын,
Өзім барып бір күні қармақ салам.

Қаңтар, 2022 жыл.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Муза

  • 0
  • 0

Өзіңсіз көкейге тұнар мұң,
Дауысыңды естуге құмармын.
Құштармын жүзіңді көруге,
Дайынмын сен үшін өлуге!

Толық

Жібек жыр

  • 0
  • 0

Бір ару бартұғын,
Көрікті қиғаш кекілді,
Жырына оның не түрлі,
Манаурап мына дүние,

Толық

Анаға хат

  • 0
  • 0

Өткен шақтан кешегі,
Ұмытылмас із көрем.
Иə, Анашым, өмірде,
Қарыздармын сізге мен.

Толық

Қарап көріңіз