Өлең, жыр, ақындар

Аңсау

Айнеляға...

Дидарың секілді гүл-көктем,
Ішіне ғажайып сыр бүккен.
Сағынам оралмас сәттерді,
Өзіңмен аяулым бірге өткен.

Қиялға беріліп сан түрлі,
Түбіне көңілдің нәр тұнды.
Сені ойлап өткізем әр түнді,
Сені іздеп жүрегім шарқ ұрды.

Алмайын десемде енді еске,
Елесің оралар әр кеште.
Сезімім өшсе де жүректен,
Есімің қалады мәңгі есте.

Күтеді біздерді күзгі бақ,
Жаным тұр өзіңсіз тұнжырап.
Дос болып қалайық біз бірақ,
Арамыз болса да тым жырақ.

Тамыз. 2022 жыл



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Менің ұстанымым

  • 0
  • 0

Тілдесе де сыртымнан қай тарабым,
Сабырлықпен тек қана жай табамын.
Біреу маған жасаса жамандықты,
Жақсылықпен жауабын қайтарамын.

Толық

Мезгіл

  • 0
  • 0

Көктем келді далаңа,
Еріді мұздар жағада.
Берілген өмір бір көктеу,
Сондықтан оны бағала.

Толық

Асыл анам

  • 1
  • 0

Асыл анам!
Жалғыз менің жұбанышым.
Өмірімнің сарқылмас бұлағысың.
Бір мезет көрмесем дидарыңды,
Сағыныштан азынап тұрады ішім.

Толық

Қарап көріңіз