Өлең, жыр, ақындар

Амбиция

Құдайына ақын бүгін қол жайды,
Поэзия өлді, адамзатқа сол қайғы.
Мен келдім қаламымды қолға алып,
Әлемде жаңа тәртіп орнайды.

Поэзияның кетті бүгін ажары,
Енді менде күллі әлемнің назары.
Менің өткір қаламымнан болады,
Ділін сатқан ақындардың ажалы.

Жазылмаса туындылар мәні бар,
Ақын қаны өзен болып ағылар.
Әлемдегі шайырлардың барлығы,
Менің ғана әміріме бағынар.

Ұрыстан іркілмеймін, қашпаймын,
Әрқашан дұшпаныма тастаймын.
Бүлікші тайпаларға мен бүгін,
Қасиетті соғысымды бастаймын.

Қай ақын қарсы келсе сөзіме,
Көк шыбынды үймелетем көзіне.
Тірі болса бұл ісіме таңғалар,
Ұлы ақын Фирдоусидің өзіде.

Алға қойған жоспарларым көп әлі,
Туым менің тұрады ылғи жоғары.
Күллі әлем шайырлары жабылып,
Мені ғана дәріптейтін болады.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мезгіл

  • 0
  • 0

Көктем келді далаңа,
Еріді мұздар жағада.
Берілген өмір бір көктеу,
Сондықтан оны бағала.

Толық

Саған арнап

  • 0
  • 0

Саған арнап мен бүгін жазайын жыр,
Сені көрсем болады маңайым гүл.
Бос қалған жүрегімді жаулап ал да,
Сол жүрекке бір өзің қожайын бол.

Толық

Гөзел

  • 0
  • 0

Сені ойлаумен өтіп жатыр әрбір кеш.
Саған деген сезімімді жан білмес.
Гөзелім, сен жүрші тек шаттанып,
Аңсап қайтем махаббатты мәңгі өлмес.

Толық

Қарап көріңіз