Өлең, жыр, ақындар

Сайлау деген елге бір бүлік болды

  • 16.12.2015
  • 0
  • 0
  • 3618
Сайлау деген елге бір бүлік болды,
Параланып әкімдер пұлға толды.
Іріктеп көріктісін пұлға сатып,
Пышаққа жарайтынын қырып болды.
Не нарлар түсті базар жетектеліп,
Шашылды ақша көшеге етектеліп.
Елдегі бұл сайлаудың бүлігіне,
Ешкім шыдас берместей төтеп келіп.
Береке осы күнде момында жүр,
Мал бағып момын байғұс амалдап жүр.
Амал құмар мырзалар қарыздар боп,
Айғырлай қамшы кесті шабандап жүр.
Сайлау елді бүлдірді бүлік етіп,
Ата- бала, ағадан- іні кетіп.
Бала қораз секілді не мырзалар,
Қызыл шақа боп қалды-ау жүні кетіп.
Пара жеп болыс қойды қалағанын,
Біртіндеп алды барып және малын.
Сайлауда көп құтырған бөрі болды,
Ортаға ап оңдырмай тұр талағанын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сырым қызға

  • 0
  • 0

Хат жаздым ғашықтықпен Сырымжанға,
Бермеуші ем бұрын көңіл ешбір жанға.
Сәулесі қараңғы үйді жарық қылған,
Ұқсайды -ау ақ бетіңіз атқан таңға.

Толық

Тышқан мен түйе

  • 0
  • 0

Бір тышқан бір түйені жетеледі,
Елпектеп түйе байғұс кете берді.
Түйені тышқан байғұс жетектеп ап,
Маслихат құрған екен екеуі енді.

Толық

Қайраты бұл дүниенің мал менен пұл

  • 0
  • 0

Қайраты бұл дүниенің мал менен пұл
Патшадай -малды кісі, кедейлер-құл.
Сұңқардай құрағытқан бауын түтіп,
Дәулетсіз қор болды ғой қайратты ұл.

Толық

Қарап көріңіз