Өлең, жыр, ақындар

Бар бақытты

  • 21.12.2022
  • 0
  • 0
  • 530
Біле тұра барлығын несібеміз,
Асыға да береміз несіне біз?!
Бар бақытты барында біле алмай,
Біле алмай мезетте кешігеміз.

Себебі, біз пендеміз арманы көп,
Арманы көп, көбінің салмағы жоқ.
Барлығында барында бағаламай,
Өкінетін жандармыз қалмады деп.

Отыратын одан соң құсаланып,
Қамығатын оңаша тұсаланып.
Бағаланбас баққа да керегің жоқ,
Бір-ақ күнде бұлбұлдай ұшары анық.

Күте-тұғын үздігіп қонар күйін,
Қонар күйін еске алар жоқ əлдейін.
Өз жылуын өзіңнен таппаған соң,
Өзге бақта сайрайды одан кейін.

Еске алғаннан өзге жоқ кезің дара,
Сезімдерді түсінер сезім дара.
Өзгесіне несіне өкпелейсіз,
Енді оған кінəлі өзің ғана...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өмір сынды шахыматтың тақтасы

  • 0
  • 0

Күндес туған,
Қарасы мен ақ – қасы,
Шекер әрі шырт түкіртер шақшасы.
Алға жүрсең орала да алмайтын,

Толық

Өмір мен өлім

  • 0
  • 0

Жер үстін осы,
Мекені қылған пақырмын,
Топырақ бастым, топырақ болам ақыр күн.
Көгінде рухым көктей ме, оны кім білсін?!

Толық

Қу дүние...

  • 0
  • 0

Жанарыма жасырып мұнар айды,
Өз тағдырым өзіме ұнамайды.
Жетім мына жүректің жарасы ауыр,
Жәутеңдейтін жанар ма сығалайды?!

Толық

Қарап көріңіз