Өлең, жыр, ақындар

Семей. Шаһкерім даңғылы — 86-87

  • 05.04.2023
  • 0
  • 0
  • 455
Жұмыс бөлмемде — домбырам.
Бақсылансам, — даңғырам.
Шайтантиегі — Ұмайтеректен.
Ата Тегі — Байтеректен.
Пернелерінде — Бақ Құсының үні бар.

Еріге қолға алсам, сөйлемей қоятын жыны бар.
Ішегін Сексек Ата ызып берген.
Қуанышым мен қайғымда ғана қызып берген…

Жұмыс бөлмемде, сондай-ақ,
Шүңкілдеседі қағаз бен қалам, тағы да басқа ағайын.
Терезе алдында — титімдей ерке тоғайым.
Қабырғада — немерелерімнің суреттері, жүрегімнен нұр сіңген.
Мыңдаған қария-кітаптар, күрсінген…
Бағзы заманадағы Түз Демі…
Әлем айнасы… ол — менің үстелім.
Содан көремін шөп шыққанын қай жерге.
Қай жерге жасын түскенін…

Жатын бөлмемде ұйықтап кетіп перғауындық пішінде,
Құдаймен де тілдесемін түсімде.
Сондай данамын мен, әрі түк білмейтін баламын.
Үйімнің бір қуысында пендеше күңсіп те аламын.
Бір қуысында күнәдан да жуынып-шайынам, өлімдей.
Төр бөлмемде Қыдыр отырады көрінбей.
Ол кеңістік — өзімізге де құт, елге де.
Ыңылдайды ылғи көк шәугім, жан Жарым жүрген бөлмеде.
Кеселер күледі сыңқылдап…
Ал, мендік маңдайдан шалқиды ғұмыр-Жан.
Таңдайда балқиды ғұмыр-дәм.
Сылдырап уақыт ағады құбырдан…

О Жарық Дүние, осылай ғана тұрсаң — құп.
Көкірегімде Өлең көшіп жүр, Қазағымның иісі аңқып!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өмір?

  • 0
  • 0

– Уақытқа, айтыңыз, құлмыз ба, аға? –
десе қайтем бүгінгі ұл-қыз маған?
Итшілеткен тірлік-ай, көршіңнен де
хал сұрауға мойныңды бұрғызбаған!

Толық

Шағантайым, тәңірім

  • 0
  • 0

Шағантайым, тәңірім,
Қасың сенің – қайқы қылыш!..
Қалқан – дәтім жамылып қалдым
аман...

Толық

Таң да атар, күн де батар

  • 0
  • 0

Таң да атар, күн де батар... кешқұрым. Сол
бір тірлік қалыпты.
Ай да туар, сақалындай ешкінің. О да
өзгермес, жарықтық.

Толық

Қарап көріңіз