Өлең, жыр, ақындар

Гаджеттер туралы

Гаджеттер адам өмірін жаулап алған
Ғаламторға байланып, бассыз қалған.
Заманның озығы деп пайдаланып,
Тозығына айналғанын байқамаған.

Ғасырдың жиырма бірі төбемізде
Технология,ақпарат - мына бәрі бізде.
Пайдалы ілім іздеп қолдануды
Әдетке айналдырсақ,қандай жақсы!

Күндер жылжып,уақыт міне зырғып өтті
Адамдармен қарым-қатынас құрыды.
Телефонмен, гаджеттерге телміріп
Адамдарша хал сұрасу ұмытылды.

Уақыт деген - қайтарылмас қазына
Әрбір сәтті гаджетпенен жоғалтпа.
Өзіңді өзің дамытумен айналыс
Алға жылжы, мақсатыңа анық бас.
Керегіңе ғана қолдан гаджетті
Сонда әлем, жаңа жолын ашады .



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз