Өлең, жыр, ақындар

Тойға тілек

Жалғастырып кеше мен бүгінгіні,
Еске сап ата дәстүр – бұрынғыны.
Міне, тағы бас қосты ортамызда
Екі жас ұнатқан соң бірін - бірі.

Ақ жол болсын үлкеннен бата алғаның,
Құтты болсын шаңырақ - атанғаның!
Жайнай берсін қашанда гүлге оранып
Бүгінгі сендер тіккен отауларың!

Ұрпақ ерсін ізетті іздеріңнен,
Бақ күлкісі кетпесін жүздеріңнен!
Өмірлерің болашақ арылтпасын
Әрдайым бақытты осы кездеріңнен!

Адал дос Алла берген Ерболатым
Ата анаң болсын аман қос қанатың
Жауқазындай жайнаған Меруертпен
Бақытты бол, асып әр кез салтанатың!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түркімін

  • 0
  • 0

Мен түркімін түрлендіргем әлемді
Аз болсам да жаулап алғам бар елді
Саным емес сапам артық болғансоң
Мысын басып басқарамын бар елді

Толық

Қарап тұрсаң

  • 0
  • 0

Қарап тұрсаң байда көп кедей де көп
Тірлік етсең хақ Алла жебейді көп
Үйде жатып барлығын көрге тығып
Жаннатты жерде жасау тілегі тек

Толық

Жарқын болашақ

  • 0
  • 0

Болашақ Жарқын болар білімменен
Пайдалы кәсіп үйрен ілімменен
МұнайГаз қолдау беріп тұрған кезде
Тездетіп құжат тапсыр бүгін дер ем

Толық

Қарап көріңіз