Өлең, жыр, ақындар

Тозбайтын шапан жаптым

  • admin
  • 27.12.2023
  • 0
  • 0
  • 76
(Өмірбек Бәйгелдіге)

Елім деп ет жүрегі елжіреген,
Жақсы аға, жаны таза мөлдіреген.
Жетпістің жотасына шықтың, міне,
Ту тігіп жеті тауға желбіреген.
Туған бір азаматсың айы оңынан,
Заманға шалдырмаған аяғынан.
Қария секілдісің келе жатқан,
Халқыңмен бірге жасап баяғыдан.
Қайтемін жіпке тізіп өткеніңді,
Талайлар қанжығаңа бөктерілді.
Кейбіреу қайдан білсін қаршадайдан
Қазақ деп қабырғаңды сөккеніңді.
Аяулы асыл аға ер көңілді,
Ешқашан ел ұмытпас еңбегіңді.
Киелі Қаратаудың аршасымен
Анашың аластаған жөргегіңді.
Тұңғиық тұнық судай тереңдеген,
Үлгісін кісіліктің сенен көрем.
Тойыңда тон мен торқа онсыз да көп,
Тозбайтын шапан жаптым өлеңменен!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Есіңде ме?

  • 0
  • 0

Жаз күркесін күз келіп жығар әлі,
Өрекпумен өзендей жыл ағады.
Шағаласын шақырып шалғай кеткен,
Көлдерім тұр көзімде жылағалы.

Толық

Сарыарқа

  • 0
  • 0

Саржайлауым менің,
Ән жайлауым менің.
Жан жайлауым менің,
Беу-беу, Сарыарқа!

Толық

Алаяққа

  • 0
  • 0

Сол шіркін өзін қор деп санамайды,
Дүниеге түзу көзбен қарамайды.
Отырар ала қойды бөле қырқып,
Аядай ауыл-үйді алалайды.

Толық

Қарап көріңіз