Өлең, жыр, ақындар

Кімге күлу керек?

  • admin
  • 29.12.2023
  • 0
  • 0
  • 74
Достар қатар жүргенде,
Жақсы өзара күлген де.
Бiрақ та, күл
Жөнiмен
Себебiн тек бiлгенде.
Жазда қарап жатпадық,
Шомылуға аттандық.
– Жүземiз, – деп балықтай, –
Жүр кейбiреу мақтанып.
Келе сүңги жөнелдiк,
Болсын қанша тереңдiк.
Жағасында өзеннiң
Рақатқа кенелдiк.
Суға жүзе алмайтын,
Терең жерге бармайтын,
Күлдiк сонда,
Асқарға,
Арамыздан қалмайтын.
– Несiн, – дедi ол, – күлесiң,
Тау мен таста жүресiң.
Таулы жерде туғанмын,
Қалай жүзе бiлесiң?
– Неге керек ерегес,
Бұған күлу жөн емес, –
Деп күлгендi доғардық,
– Кiнəлi оған сен емес...
Суға жүзе алмайтын,
Терең жерге бармайтын
Күлдiк сонда,
Айдарға,
Арамыздан қалмайтын.
– Несiн, – дедi ол, – күлесiң,
Құм шөлейтте жүресiң.
Шөлдi жерде туғанмын,
Қалай жүзе бiлесiң?!
– Неге керек ерегес,
Бұған күлу жөн емес, –
Деп күлгендi доғардық,
– Кiнəлi оған сен емес.
Суға жүзе алмайтын,
Терең жерге бармайтын,
Күлдiк сонда,
Ақанға,
Арамыздан қалмайтын.
Ақан болды шын күлкi:
– Жарасымды бұл күлкi.
Суға жүзе бiлмеуiң
Айналайын, тым түрпi!..
Бұған құлақ түремiз,
Күлсек,
Саған күлемiз.
Сен туған жер –
Өзеннiң
Жалғасы ғой, бiлемiз.
Тұрды ол сылтау айта алмай,
Ақталып та, жалтармай.
Күлдiк оған,
Күлдiк бiз,
Жаз бойына алты айдай...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Төрт аяқты болса тауық

  • 0
  • 0

Дəмi ауыздан кетпейтiн,
Етi қандай тауықтың?!
Ал одан да керемет
Сөзi тəттi Сауықтың.

Толық

Үлкеннің тілін аламыз

  • 0
  • 0

Ойын қуған баламыз,
Ана тiлiн аламыз.
Ана тiлiн алмасақ,
Кəрiп болып қаламыз.

Толық

Қауесет

  • 0
  • 0

– Өзi асылып өлдi шошқа...
– Мұнысы ендi болды босқа...
– Əттеген де, обал-дағы
Көп-ақ едi торайлары...

Толық

Қарап көріңіз