Өлең, жыр, ақындар

Бәйге

  • admin
  • 29.12.2023
  • 0
  • 0
  • 99
Егіліп келем, көзімнің жасы төгіліп,
Тебініп келем, ақ боран шаңға көміліп.
Япырым-ау, неге ұшпайды құс боп жығылғыр,
Жазылып бауыры, қолтығы бырт-бырт сөгіліп.
Тақтым-ау саған күмістен құйып құйысқан,
Тарттым-ау тартпа бұзау тіс етіп өргізіп.
Тал-тал қып тарап жалынды дода ұйысқан,
Үш рет күнде мейізден жемді жегізіп.
Құлагер сынды болсын дей тұрқың сүйегін,
Таң атпай жатып сіміртіп сүтін биенің.
Шашаңа шаң да жұқтырмаушы едім, не болды,
Не болды саған, қанатым менің, киелім!
Қанатым менің, жарысар құйын желменен,
Секіріп жүрер күндерің қайда кермеден?
Шаң жұтып қалдым, қатарлас шапқан өңгеден,
Қорлығым болды-ау тірлікте мына көрмеген.
Кетті ғой алға күрең мен жирен сағым боп,
Жетті ғой торы, ала аяқ қара шағын топ.
Атам да тұр-ау тәспісін салып мойнына,
Қартайған көңілі, ортайған көңілі жарым боп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күйінемін мен кейде, күйінемін

  • 0
  • 0

Күйінемін мен кейде, күйінемін,
Келтіре алмай тірліктің иін, ебін.
Шеше алмай қойдым-ау шідерімді,
Шешілмейтін не деген түйін еді?

Толық

Дауылпаз көкте саңқылдап

  • 0
  • 0

Дауылпаз көкте саңқылдап,
Туласа толқын теңізде.
Жанарың мұңлы жарқылдап,
Жанымның оты, мені ізде.

Толық

Әке сағынышы

  • 0
  • 0

Жүрегімді жарып шыққан бір гүлім,
Көз алдымда бейнең тағы тұр бүгін.
Махаббаттың жолы ма, әлде соры ма?
Туған жерден кетті үзіліп кіндігің.

Толық

Қарап көріңіз