Өлең, жыр, ақындар

Сынайсың ба?

  • admin
  • 29.12.2023
  • 0
  • 0
  • 108
Сынайсың ба, кел маған сүрінгенде,
Досың кетіп, дұшпаның түңілгенде?
Кім болсаң да көтерем сеніменен,
Саған түскен тағдырдың жүгін мен де.
Сынайсың ба, қарап тұр биіктен де?
Қызғанышпен болмайды күйік менде.
Жағынар деп тағы да ойламағын,
Исең сен, жүрем басты иіп мен де.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құл болмайды ер жігіт

  • 0
  • 0

Ешқашан қатынға еркек құл болмайды,
Құл болса елін қорғар ұл болмайды.
Қатынына құл болған ер кіндікте,
Қарабақыр құнындай құн болмайды.

Толық

Асуын бердің Құлжаның

  • 0
  • 0

Асуын бердің Құлжаның,
Ырғағын бердің Біржанның.
Пейілімді туа тарылтпай,
Пейілін бердің мырзаның,

Толық

Болса да адам үшін бақыт көрік

  • 0
  • 0

Болса да адам үшін бақыт көрік,
Ширадым қайғы дәмін татып көріп.
Қатқан тоң қабат-қабат кеудемдегі,
Жанымның жылуымен жатыпты еріп.

Толық

Қарап көріңіз