Өлең, жыр, ақындар

Әке ескерткішіне

  • admin
  • 03.01.2024
  • 0
  • 0
  • 182
Терің тамған топырақ,
Терің тамған тастардан,
Өзің жатқан торқалы,
Топырақтан жастанған.
Ескерткішің соғылып,
Еңсең биік тұр, көкке.
Аққу сыңсып айналған,
Әуен тыңдай аспаннан.
Жазиралы дала анау,
Жанарыңды жандырған.
Өзен анау, көл анау,
Мейіріңді қандырған.
Асқар ала тау анау,
Асып белді талдырған.
Тоқсан тарау жол анау,
Іздеріңді қалдырған.
Бетегелі бел анау,
Желпінтіп ат суытқан.
Берекелі ел анау,
Ет бауырың туысқан.
Ақтық сені сапарға,
Аттандырып бәрі де,
Қабіріңе топырақ,
Салды бір-бір уыстан.
Өзің жүрген кездердей,
Бұлт төсі қақырап.
Кемпірқосақ керіліп,
Гүлдеп жатыр атырып.
Өзің көрген кездердей,
Жусан өсіп жайқалып,
Сайрап көкте бозторғай,
Сыбырлайды жапырақ.
Өзгеріс жоқ өмірде,
Бәрі де өзің көргендей.
Өтті-ау бірақ дүние,
Қас-қағымға тең келмей.
Жетегінде сағымның,
Желкілдейді күмбезің.
Боздап жылап боз інген,
Боз далада желгендей.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сәмбі тал

  • 0
  • 0

Тамырлап тақыр шөлге өніп,
Желегін жайып желге өріп,
Жапанда жалғыз сәмбі тал,
Сыңсиды баяу тербеліп.

Толық

Арсыздық, ойсыз озбырлық

  • 0
  • 0

Арсыздық, ойсыз озбырлық,
Аздырып адам баласын.
Жыртқыштай қанын қоздырып,
Тұмшалар саңылау санасын.

Толық

Бөліссек те теңдіктің правосын

  • 0
  • 0

Бөліссек те теңдіктің правосын,
Әдебінен ата-ана мұра қалсын.
Мұра қалсын, ұрпаққа ұнағасын,
Ері алдында әйелі иба сақтап,

Толық

Қарап көріңіз