Өлең, жыр, ақындар

Бақыттысың, қарағым, бақыттысың

  • admin
  • 03.01.2024
  • 0
  • 0
  • 127
Бақыттысың, қарағым, бақыттысың,
Қолыңда тұр қонақтап бақыт құсың.
Уайым жоқ, қайғың жоқ, дербезең сау,
Көктемдегі аспандай ашық түсің.
Қайда тұрам демейсің, қайда барам,
Естіледі шат күлкі айналаңнан.
Күтіп отыр үйіңде сен келер деп,
Ақ дастарқан алдыңа жайған анаң.
Бұдан артық бола ма бақыт деген?
Қуанышың кеудемнен тасытты өлең.
Өткен күнді еске алып, мен сендердің,
Іздеріңді гүл өскен басып келем.
Қайран жастық, жап-жасыл төңірегі,
Маған түстей кешегі көрінеді.
Неге жақұт жанардан төгіледі,
Неге көгі көңілімнің сөгіледі?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Заман түзу, заң түзу, жарасымды бәрі де

  • 0
  • 0

Заман түзу, заң түзу, жарасымды бәрі де,
Түзу бірақ жүрмейтін адамдар бар әлі де.
Біреулері біреуді құлатуға құмартса,
Құлағанды біреуі итереді әріге.

Толық

Кеудемдегі қазына

  • 0
  • 0

Кеудемдегі қазына жүректегі жалынның,
Қуатында, күшінде бойымдағы дарынның.
Білетұғын бір өзім, кімнен артық, кімнен кем,
Тон пішер көп сыртымнан қайсы бірін жамылдым.

Толық

Әлкен Бегманұлы Айдарбековке

  • 0
  • 0

Әлкенжан, биік екен парасатың,
Қасиет хан басыңа жарасатын.
Түйсіксіз топастарға – таудан биік,
Сыйласқан – бетегеден аласасың.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар