Өлең, жыр, ақындар

Есеп емес мен үшін күн, түн деген

  • admin
  • 03.01.2024
  • 0
  • 0
  • 81
Есеп емес мен үшін күн, түн деген,
Тоқтамаса жүрегім дүрсілдеген.
Жолбарыстың қайраты, Арыстанның,
Айбаты бар бойымда іркілмеген.
Жорттым құба далада күні бойы,
Жорттым түлен ішінде түні бойы.
Бабалардың бойында қаны ойнайды,
Алабұртқан айта алман біліп ойды.
Елес пе екен естіген ертегіден,
Әлде ауылдың келтекі тентегі ме ем?
Атқа мінсем келеді көз алдыма,
Түмен қолмен, тұлпарлар жер тебінген.
Оқыс талай қыстым да тақымымды,
Ауыздықсыз тарпаңым атырылды.
Бұдан бұрын туғанда екі-үш ғасыр,
Болар ма едім қас батыр басы құнды?
Болар ма едім қас батыр, болар ма едім?
Әлде, әлде жуадай солар ма едім?
Қара білек күшімен қан қақсатып,
Қара жолда керуен тонар ма едім?
Ысып, қышып, кейбірде алақаным,
Ездік құрсын, ерлікті жаратамын.
Ерегісте биіктеп Алатаудан,
Сыйластықта жусаннан аласамын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ғаламның сіңіп кеттім тылсымына

  • 0
  • 0

Ғаламның сіңіп кеттім тылсымына,
Тылсымның кім түсінер қыр-сырына.
Ғалам сырты қаптаған тірі тозаң,
Құл болған құрбан болған құлқынына.

Толық

Заманының жырын жырлай алмаса

  • 0
  • 0

Заманының жырын жырлай алмаса,
Заманының мұңын мұңдай алмаса.
Ақиқаттың алауы боп жанбаса,
Жанарынан қанды жасы тамбаса,

Толық

Күн, айым, жылым, ғасырым

  • 0
  • 0

Күн, айым, жылым, ғасырым,
Ақырын жылжы, ақырын.
Баратын жерім қаншалық,
Қаншама қалды шақырым.

Толық

Қарап көріңіз