Өлең, жыр, ақындар

Ассалаумағалейкум!

  • admin
  • 03.01.2024
  • 0
  • 0
  • 81
Ассалаумағалейкум!
Кемеңгер аға, кең аға, керілген кербез даламдай,
Атағы, даңқы – тарих, қаһарман қала, қамалдай.
Алатау едің алдымда, сүйеніш тірек таба алмай,
Сүйеуге келдім арқамды жыртылған жүрек жамалмай,
Тоз-тоз боп жүрген шағымда теңізде жүрген аралдай.
Қиядан ұшқан қыранның сусылыменен таптым-ау,
Үмітім өшсе өзімді тамызық қылып жақтым-ау.
Етектен тартқан ессізден жүрекке түскен дақ мынау,
Қаңтарды көрмей, қап-қара шашымды шалды ақ қырау,
Ақын боп туып несібем болды ма, бәлкім ащылау?
Жетуім үшін аңсаған тілегімменен мұратқа,
Тілемей сәтті сапарды құлап та жүрмін жырақта.
Өзгелер түгіл өзімді қалдырар болсам ұятқа,
Керуен өлең көшімен келер ме ем бірақ бұл жаққа,
Жел қанат жүйрік шығармын жеткізбес жалды тұяққа?
Бұл кезім өртті жылдарым, өшпейтін алау басталған,
Ақ марал жылдар аңдыздап күн көзін тұта қашты алдан.
Ұйықтап та жатып жыр жазып шығамын көздің жасымен,
Жастығыма да жастанған, осылай шығар басты арман.
Көк теңіз-өлең төрінде желкенін жайып кеменің,
Еліме Еркебұландай еркелеп өтсем деп едім,
Ескексіз мінген қайықты толқыннан толқын қағып ап,
Толқынға толқын лақтырып қақпақыл болып келемін,
Осымен қымбат шығар-ау, шынында, өмір дегенің?!
Көгерте алмай көңілімді көктемім жатыр күркіреп,
Сендіре алмай сенімді сезімім жатыр сіркіреп.
Арманның әппақ құстары кеудемнен ұшып дүркіреп,
Мың тілек мені жетелеп, айтуға келдім бір тілек.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жел тұрса қамыс басы майда деймін

  • 0
  • 0

«Жел тұрса қамыс басы майда деймін,
Ат қостым, ат айдаушы қайда деймін.
Алдыңғы ат боран болмай, қылаң болды,
Құлагер жығылмаса қайда деймін?»

Толық

Кім көрді «ақылым кем» дегендерді

  • 0
  • 0

Кім көрді «ақылым кем» дегендерді,
Ақымақ әжуа етер кемеңгерді.
Саяз су сарқыраған көзге түсіп,
Көрмейміз тұнып аққан тереңдерді.

Толық

Сыртымнан кесек атпаңдар

  • 0
  • 0

Сыртымнан кесек атпаңдар,
Сыртымнан мені сатпаңдар.
Жан болсам жұртқа жағымсыз,
Көзімше ғана даттаңдар.

Толық

Қарап көріңіз