Өлең, жыр, ақындар

Алаңдайды көңілім, алаңдайды

  • admin
  • 05.01.2024
  • 0
  • 0
  • 43
Алаңдайды көңілім, алаңдайды,
Елде қалған еңкейген анам жайлы.
Бұғанасы қатпаған балам жайлы,
Әлде қандай күйде деп қорыққан кезде,
Қызыл тілі қорқаудың жалаңдайды.
Жіпсіз матап тастайтын төсегіне,
Жетпістің ілікті анам жетегіңе.
Қарттық кімді зар етпес кешегіге,
Немересі о да жүр жеті жасар,
Ойнақтаған оралып етегіне.
Отын керек, су керек, соғым керек,
Қытымыр қыс тұра ма жоғыңды елеп.
Қытымырға қыртысты қоңың керек,
Жылы-жұмсақ анаға майлы аспенен,
Жылы-жұмсақ балаңа қолың керек.
Көнбейді анам, кел десем астанаға,
У-шуынан қаланың жасқана ма?
Қарайлай ма қатарлас басқаларға?
«Әкең марқұм рухы жалғызсырар,
Әруақты етпе деп босқа нала».
Мақтаныш та, мұң да бар шарасында,
Анам отыр ағайын арасында.
Туып өскен өзінің Таласында,
Алабұртқан көңілі бірақ, бірақ,
Бізбен бірге Алматы қаласында.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Айдарымнан сенсіз жел есілмеді

  • 0
  • 0

Кіндік қаным тамған жер, кешір мені,
Сыртта жүрдім тұсауым кесілгелі.
Жер бетінің жүрсем де қай шетінде,
Айдарымнан сенсіз жел есілмеді.

Толық

Қарызым қалай өтелер

  • 0
  • 0

Бір сәттік жарық,
Бір тамшы су мен
Бір демдік қана ауаңның.
Қарызын қалай өтермін,

Толық

Қысқарған күндей қысқарып ғұмыр барады

  • 0
  • 0

Қысқарған күндей қысқарып ғұмыр барады,
Артыңда қандай айтарлық ісің қалады.
Базарлы шақтар базардай кешкі тарады,
Апанда жатқан арыстандай болдым жаралы.

Толық

Қарап көріңіз